kk
Free
Мұхтар Әуезов

Жетім

  • Сабина Алимбаевацитирует4 года назад
    Әжесі тірі болған күн Қасымның көңілінен сұлу сағымдай, жазғытұрғы мамық түсті бұлттай болып, қайта оралмастай боп жоғала бастады. Әжесінің мұны уатып айтатын ертегісі, кешкі мезгілде алдына алып күпісіне орап отырып, тербетіп айтатын сезімді қоңыр әні де жоғалды. Өшті. Қасымның үмітті жарық күні де батты.
  • Janagul Otebekovaцитирует4 года назад
    Жан-жақта жүдеу тартып, жұмырланған боз төбелер қайғылы сырымен, дүние шерімен сазарғандай.
  • Akyl Yerbolatova-Chabdarovaцитирует4 года назад
    Бірақ күндер өтті. Қасым жетім болды. Жетімдік бұған өзін барлық суық пішінінде емін-еркін танытты. Қатал тағдыр мықты қолымен қатты ұстады.
  • b1868907083цитирует2 года назад
    жетімдік қайғысы жан ұшыртып алып келе жатты.
  • aisulu2005цитирует2 года назад
    Жетім көзі белгісіз бірдемені күткендей болады. Пайдасыз күту.
  • b0809095448цитирует3 года назад
    қабақты, жұлдыз көзді, түндей қара түсті қара кемпір
  • Макосья Абдрахметовацитирует4 года назад
    Қасым сол күнгі жылауынан бастап, үлкен кісідей қайғыға, қаралы күйге түсті.
  • eskerbalnurцитируетв прошлом году
    Құлынымның бұғанасы қатқанша, рақым ет. Сорлы қылып қақсатпа, зарлатпа, көрде мені күңірентпе!»
  • b5977700235цитируетв прошлом году
    Әйтеуір енді алдында бұлдырлап, елестеп жүгіргендей болып, елбеңдеген бір нәрсе жолын бастап келе жатқан сияқты.
  • Жансая Сейсенбаевацитируетв прошлом году
    Жаз ортасының қоңыр кеші. Ұлытаудың бөктерінде кештің қоңыр салқын желі еседі. Күн батып, ымырт жабылып барады. Күнбатысты қалың қара бұлт басқан, айналада күңгірт тартқан төбелер қоңырқай тартып, түн тыныштығына қарай бойсұнған сияқты. Сондай жүдеп сарылған төбелердің арасымен үш салт атты келе жатыр еді.
fb2epub
Перетащите файлы сюда, не более 5 за один раз