bookmate game
kk
Free
Шерхан Мұртаза

Тәуекел той

  • b0099100579цитирует2 года назад
    Шырыштай болып тап-таза киінген үлкен кісіден мынандай сөлекет сөз есітемін деп ойламаған жас бала жүрегіне қалмақтың оғы тигендей қатты назаланып қалды. Қайыршы болма. Қайыршы болсаң — арсыз бол. Мың түрлі адам бар — мың түрлі мінез бар. Соның сорақыларына мән бере берсең, жауқазыныңнан жайрайсың
  • назерке шанжарханцитирует2 года назад
    Түп-тұқиянынан бері асыл затты, ақсүйек, тектілердің тұяғы, ай мен күндей ажарлы, жүрген жері құт-береке базарлы, қазақ әйелдерінің эталоны десе де болғандай Жеңіскүл ханымға сөз кезегін аса бір құрметпен ұсынамын!
  • назерке шанжарханцитирует2 года назад
    Дәл осы сәтте алды-арты жарқылдаған, пошымы бөтен, өңкигендеу бір машина келіп, тура қайыршы баланың қасына тоқтай қалды. Сөйтсе бұл көлікті «Джип» деп атайды екен. Шомбал шопыр қарғып түсіп, асыға басып, артқы есікті ашты. Ай мен күндей жарқ етіп, ар жақтан бір әйел алтын білезікке білегі толы қолын соза беріп еді, шомбал шопыр, қап-қара қолымен алтындаған ақ білектен ұстап, әлгі ханымды сүйемелдеп жерге түсірді.

    Керімқұл мойнына іштей алабұршақ салып, Алладан тілеген Жеңіскүл осы еді. Көк терекке сүйеніп, бүкіл әлемді жек көріп отырған қайыршы бала орнынан атып тұрды. Жеңіскүлдің жүрегінің тұсынан құлпырма күн шыққандай әлдене жарқ ете қалды. Оның не екенін бала түсінген жоқ, тек көзі қарыққандай болды.
  • назерке шанжарханцитирует2 года назад
    Сәтек серіні той иесі тамада боласың деп шақырған. Бадырақтау бақа көз, бұйрабас Сәтек сері Керімқұлға:
  • назерке шанжарханцитирует2 года назад
    Қаланың шетінде тұратын базаршы Күләй қарындасы
  • назерке шанжарханцитирует2 года назад
    қасынан қоңқақ мұрын, тыртық тақыр бас, балуан тақілеттес, гүржиген біреу түсіп, шоферға:

    — Кузовты аш, — деді екпіндей сөйлеп. Шофер кузовтан төрт аяғы шандулы бір қойды түсіріп жатқанда, әлгі дәу Керімқұлды бас салып құшақтап, құтты болсын айтты. Бұл сонау Ойпаңбелдегі нағашы Сарыбай көкпаршы еді.
  • назерке шанжарханцитирует2 года назад
    идаң бойлы, сіріңке қоңыр реңді, бурыл шашты Керімқұл ақ костюм, ақ көйлек, қара галстук тағып алып, егде тартқан жасына қарамай, ұшқыр аттай лыпылдап, жайраңдап,
  • назерке шанжарханцитирует2 года назад
    Зеңбірек көшесіндегі «Аспантау» рестораны шаһарға көрік беріп, шырайын кіргізіп тұратын бірегей ғимарат. Алды-арты зипа терек, жасыл шырша. Кемеліне келген раушан гүлдің хош иісінен бас айналып, ішпей-жемей масаң тартқызғандай. Іргесінен Талас өзенінің бір саласы ағып жатыр. Өзенді жағалай тігілген қызыл-жасыл шатырлардың астында сыра ішіп, кекіріп отырған адамдар. Сексеуілдің шоғына қақталған кәуаптың иісінен сілекейің шұбырғандай.
  • назерке шанжарханцитирует2 года назад
    немере ағасы Төкең
  • назерке шанжарханцитирует2 года назад
    Жасылкенттегі Жеңіскүлді ал. Үш баласы үш фирма ұстайды. Бір келіні банкир. Жеңіскүл өзіміздің жиен қарындасымыз ғой
fb2epub
Перетащите файлы сюда, не более 5 за один раз