Тортай мінер ақбоз ат,жүрегім-ай..
Неге біздің арамызда Тортайлар аз екен?Неге олардың ертегісі осылай аяқталады екен?..
Тортайдың басындағы жағдай кейінгі ұрпаққа ерекше әсер қалдырады. Әңгіме өте керемет жазылған.
Бұл әңгімені баяғыда жетінші-сегізінші сынып оқып жүргенде оқыдым. Одан кейін де талай оқыдым. Қанша оқысам да жалықпаймын. Қанша оқысам да көңілім босайды. Нағыз классика. Тортай әлі сол Салықсалған үңгірінде кітабын оқып, аңқылдап қана жүргендей. Біз болсақ авторға қосылып Тортай мінер ақ боз атты мініп кеткендей ұяламыз.