bookmate game
kk
Free
Мұхтар Әуезов

Қилы заман

  • Erasyl Torekhanцитирует3 года назад
    Баяғыдан, жиырма жылдан бергі тәжірибесінен бұл біледі... Елге арналып жарлық шықса, әрқашан оның астарында келетін қатпар-қатпар қалтарысы, бұлтағы бар болады. Бой көрсетпей бұғып тұрып, түтікпен сорғандай ел қазынасын соратын: ұры сай, әдемі жылға, бекініс орындары бар.
  • b0390987629цитирует5 лет назад
    Қалың рудың мол жиылған
  • b3131732965цитирует2 года назад
    "Жер үстінде жүрме, үніңді шығарма, қатын бол" дейді. Соның бәріне бас ие берейін бе? "Басқа ұрса — өл, көтке ұрса — көн"
  • asemgulkuralova00цитирует6 лет назад
    Жаз жауынды, мол сулы, қалың шалғынды, қызықты. Қалың албанның ертегідей бай, сұлу жайлаулары: Үш мерке, Дөңгелек саз, Үш Қарқара, Сырт, Лабас, жайлау күндерінің жасыл торғын шымылдығы, көк жібек бесігі сияқты. Тіршілік: молдық, бақыт, байлық қызуымен буы аспанға шығып жатқан өмір жәрмеңкесін көрсеткендей. Жаз күндерінің жарастығы мен қызығы қыр баласын мас қылғандай жалынды, желікті.

    Шалқыған, көрнекті мол дүниенің тірі пішінді белгісі сияқтанып, Қарқара жәрмеңкесі қайнап жатқан.

    Жәрмеңке ашылғалы айдан артық болса да, қызуы мен желігі әлі басылып болған жоқ.
  • b0455356177цитирует2 года назад
    , қоямысың енді! Байы өлген қатынша сұңқылдай бермей. Айтқыш болсаң, ана орысқа барып айт. Мен сені ұстап отырмын ба? Немесе мына ақыл таба алмай қамалған елге істейтін істі айт. Жарлық шығарған мен деп қақсап отырсың ба?
  • b0455356177цитирует2 года назад
    суретпен жазылған көркем әдебиет бізде жоқтың қасында.
  • b2282408307цитирует2 года назад
    Қарияға қалған сөз сөйленді. Қария айтты айтарын, — деп сөзді Жәмеңке киіп әкетті. Атақты қарияның түсінде қатпарланған әжім арасында, қатуланған томырық ашу белгісі бар еді. Бірақ сөзін ашуға билетпей, келеге билетіп, өзгелерді қозғамақ болып. — "Кәрі қойдың жасы үлкен, ісек қойдың басы үлкен" мына отырған жастан шыққан басшың бар. Сөз кезегі бұларға келді. "Бедері кеткен торқадан, бек тоқыған бөз игі" деген. Бізден бедер кеткен. "Қалдайған қара бөркімді шоқ болғанда сен көрдің, дәулетімнен бейнетім көп болғанда сен көрдің" деп, сыннан өткен шағымызда мынадай кер заманға кездестік.

    Бұл — елдігіңе келген сын, албанның баласы. Елден алалы туған ұл болса, белді бекем буып бекінетін шағына келді. Бізге қалған сөз аз
  • b1005038768цитирует2 года назад
    Уа, албанның баласы, неге жиналдың? Басыңа күн туған соң жиылдың. Ұзынды күні бір ауыз сөз айтпай ұйлығып отырамысың, түге?! Кеше мына қариялардың айтқан сөзін естідіңдер. Ертең жауап беретін күндерің ұлыққа, кеңеселік, бірдеме делік ...Сөйлеңдер...
  • b6667539654цитирует2 года назад
    Алдыңғы жолдасының сөзі өз көңіліндегі де мұңы сияқты болғандықтан, Құсайын қария:
  • b6667539654цитирует2 года назад
    Әсіресе, осы пішін өзгелерден көрі жасырақ қара сақалды Қартбайдың түсінде айқын білінгендей болатын.
fb2epub
Перетащите файлы сюда, не более 5 за один раз