bookmate game
kk
Free
Мәшһүр Жүсіп Көпейұлы

Гүлшат-Шеризат дастаны

  • Жанат Балтабаевцитирует9 лет назад
    ГҮЛШАТ-ШЕРИЗАТ
    (дастан)
    Жігітке құдай берген қиын емес,
    Болғаным менің ақын биыл емес.
    Бетіне ақ қағаздың салып шимай,
    Қиссасын "Гүлшат-Шеризат" қылдым кеңес.
    Нәсілім -Сүйіндікпін, елім -Күлік,
    Жасымнан шыға қалдым өнер біліп.
    Кәріптің жұрт ішінде көңілі өссін деп,
    Сөйледім қыз Гүлшатты өлең қылып.
    Сөзімді естіген жан ұғып алсын,
    Қапалы кәріптердің мейірі қансын.
    "Байғұстың бір сөйлеген сөзі ғой" — деп,
    Кейінгі бозбалаға мирас қалсын.
    Жүйріктің сөз сөйлейтін келді кезі,
    Ойласам, дөп-дөңгелек дүние жүзі.
    Қыз Гүлшат Шеризатпен ғашық-машық,
    Бозбала, қалай тыңда қисса сөзді.
    Ішімде бара жатыр өнер қайнап,
    Кетемін, сөз сөйлесем, оттай жайнап.
    Дүниеге кім келмеген, кім кетпеген,
    Қалайық осындайда күліп-ойнап.
    Ертеде бір патша өткен, аты- Көркін,
    Өзіне берген құдай дүние - мүлкін.
    Билеген жеті жұртты асып күші,
    Тұрақтап кімге тұрар дүние, шіркін?!
    Жалғанда ондай болған патша жоқ-ты,
    Жігіттер, әуес қылма бұзықтықты.
    Болмаған мұңсыз пенде бұ жалғанда,
    Сол патша перзент үшін болған күпті[1].
    Тұрады кімнен өтпей дүние жалған,
    Әртүрлі патша Көркін сарай салған.
    Келгенше ел ортаға бала көрмей,
    Қайғымен бала үшін қапаланған.
    Көре алмай бір жас иіс әлі күнге [2],
    Жоқ болып еш мұқтажы мұнан өңге.
    Құдайдың берер ұлы былай тұрсын,
    Қыз түгіл зарық болды қызыл жүзге.
    Қайғысы патшаның болды қатты,
    Үйінде қырық күн тұрмай, жылап жатты.
    "Құдайдан - маған перзент тілеңдер!"- деп,
    Жидырған пақыр, міскін жамағатты.
    Құдайға кәріп пенде қылады наз,
    Жалғанда кім бар дейсің қайғысы аз?!
    Тілегі қабыл болып, пақырлардың [3],
    Қатыны патшаның болды буаз.
    Патшаға буаздығы болды мәлім,
    Аямас шаһи Көркін енді малын.
    "Бір қамал - әр зауалға!" - деген мақал,
    Айтайын қалай болған енді халін.
    Жас едім қариялардың сөзін ұққан,
    Аруағы жақсылардың маған жұққан.
    Қапалы, шат болған соң, көңілдері,
    Ат мініп, шаһи Көркін аңға шыққан.
    Он түрлі сайман алған бір басына,
  • Арман Саттарцитирует3 года назад
    Жақсыда - кек, жаманда тек жоқ"
  • b5152566556цитирует7 лет назад
    ГҮЛШАТ-ШЕРИЗАТ
    (дастан)
    Жігітке құдай берген қиын емес,
    Болғаным менің ақын биыл емес.
    Бетіне ақ қағаздың салып шимай,
    Қиссасын "Гүлшат-Шеризат" қылдым кеңес.
    Нәсілім -Сүйіндікпін, елім -Күлік,
    Жасымнан шыға қалдым өнер біліп.
    Кәріптің жұрт ішінде көңілі өссін деп,
    Сөйледім қыз Гүлшатты өлең қылып.
    Сөзімді естіген жан ұғып алсын,
    Қапалы кәріптердің мейірі қансын.
    "Байғұстың бір
  • Ляззат Тумабаевацитирует5 лет назад
    Қыз артық, жаман ұлдан, болса дана [25].
  • Аушенова Аружанцитирует6 лет назад
    Гүлшат сынды қара көз,

    Қалам қасты, нұрлы жүз.

    Ақ бетіне пар келмес

    Сарт тоқыған аппақ бөз.
  • Айым Аскаркызыцитирует7 лет назад
    Бір күн олай, бұл дүние бір күн былай,
  • Дулат Айдаровцитирует7 лет назад
    Дүниеге кім келмеген, кім кетпеген,
  • b6479249560цитирует2 года назад
    Өзіңді - өзің жойып тастаған соң,

    Басқаға қайдан тиер шарапатың?
  • b6479249560цитирует2 года назад
    Қатесін білместіктің кешіргеннің,

    Ұқсын деп сіздерге айтқан нақыл сөзім
  • b6479249560цитирует2 года назад
    Жалғыз-ақ күн жақсымен жүрген артық,

    Жаманмен жүз жыл өмір сүргеніңше
fb2epub
Перетащите файлы сюда, не более 5 за один раз