казак деген сөздің анық-танығына орыс оқымысты шежірешілерінің өзі жете алмай жүр. Әйтсе де, әрқайсысының тұспалдауында жан бар: Грабинка деген шежіреші казакты бұрынғы скиф халықтарының аты Хазардан шығарады. Голубовский деген адам бұл – түріктің сөзі, "қолдың томында тұратын күндізгі, түнгі күзеттегі қарауылдар" дегенге тірейді. Енді біреулер моңғолша "қо" – сауыт, қорғаныш қалқан, темір жейде", "зах"—шек, шегара, яғни "шегараны қорғайтындар" деген сез, тағы біреулер, "қарақшы, кезбе, қаңғыбас" деген сөз деп дәлелдейді.