bookmate game
kk
Free
Мұхтар Әуезов

Индия очерктері

  • Madinaцитирует2 года назад
    Жұма мешітке әлдене заманнан бері сол жалған қан, жалған Ғұсман құранын әлдебір алымпаз да жемпаз жем-сау бұйрығы қалдырғанда қондырған екен. Ол ғана емес, құранды көріп бола бере, ол әрі жылжып кетті де, енді бір сопақша шыны сауыт шықты. Төбесінде күмістеген бұрандалы қақпағы бар. Қақпақты, беті-жүзі бізге көрінбейтін бір жанның қатып қалған көмірдей қара жіңішке саусақтары бұрап ашып алып, әрі қарай тарта берді. Сауыт ішінен біздің көзімізге тіп-тік боп қарайып, сауыттан бөліне сорайып тұрған жіңішке проволка талы көрінді. Мәлім етулері бойынша, бұл — дәл Мұхаммед пайғамбардың өз сақалының бір талы екен.
  • Madinaцитирует2 года назад
    Дели шаһарының ендігі екі түрлі ғажайып ескерткішін біз асықпай, молынан араладық. Оның бірі — Бабыр патшаның немерелері Шах Жиһан салдырған "Жұма мешіт" және патша сарайы — Қызыл сарай (Редфорт). Бұл екі ғимарат та осыдан 300 жыл бұрын қызыл песчаник тасынан және ақ мрамордан оюланып салынған.
  • Madinaцитирует2 года назад
    Қаланың орта тұсында, Жумна өзенінің жағасында, Гандидің қаны төгілген орында, Индия дәстүрі бойынша, Гандидің сүйегі құрметпен өртелген жері бар. Сол орында әсемдеп оқшауланып қызыл гранит таспен биіктеле мүсінделген бөлекше бір дөңгелек жай тұр. Соның биік басына шығар алдында тас басқыштар түбінде біздің бар тобымыз аяқ киімдерімізді тастап, гүл-венокті көтеріп, жоғары бастық.
  • Madinaцитирует2 года назад
    ткен. Аңыз бойынша, ол арғы-бергі бар жер жүзіндегі патша атаулының баршасынан бөлек жол ұстанған. Жаңа обелиск тас діңгекте сол Ашоканың үгіт-өсиеті, өзгеше жолы — эдикт бірінші ғасырда осы діңгек тасқа шабылып жазылған. Ашока өзі буддист. Ол таратқан үгіт-өсиет бойынша, "қан төкпеу керек, ешбір жанмен соғыспау жөн" деп, осы жайдағы үгіттерін кейінгі нәсілге әрі діндік, әрі адамгершілік үгіт-өсиет етіп, жаңағы тас діңгекке өзінен кейінгі заман адамдары қашап жаздырған.
  • Madinaцитирует2 года назад
    Индияның өз тарихынан қалған аса қымбат бір ескерткіш бірінші ғасырда орнатылған обелиск — зор тас діңгек. Бұл обелиск Индия халқы үшін аса қымбат ескерткіші саналады. Ол діңгек ғасырлар айғағының ішінде бағзы заманда Индияда болған ұлы патша Ашока атымен байланысты. Индияның ұлы патшасы Ашока біздің эрадан бұрынғы III ғасырда тіршілік
  • Madinaцитирует2 года назад
    Осы ретте Делиде XII ғасыр ішінде араб затты Құтыбиддин патша салдырған "Құтыбминар" деген ғажайып мұнара бар. Биіктігі 73 метр. Бұл — ең бір сұлу мұнаралардың сирек сұлу белгісінің бірі. Мұнара терістік Индиядағы көпшілік ескерткіштер қатарында, жоса түсті қызыл тас, қызыл песчаниктен салынған. Мұнара көп қырлы. Төменінен ең жоғарғы биі
  • Madinaцитирует2 года назад
    . Осы мұнара жанында ерте заманда салынып, жартылай құлап қалған "Куатүлислам" аталған ескі мешіт бар. Соның жанында тағы да Индия тарихының аса ғажап сырлы бір ескерткіші көрінді.
  • Madinaцитирует2 года назад
    жасмин гүлдеп, мандарин бітік өсіп, пісіп тұрған кез
  • Madinaцитирует2 года назад
    қиын жай, қысталаң халге ұшырайды. Бұл тұңғиық түбіне кеткелі тұрғандай,
  • Gulnur Omarkhankyzyцитирует5 лет назад
    Бұл ретте, барлық европалық халықтардың ырысына қарай, сол Европаның, мысалы, ескі Грецияның ең алғашқы тарихшылары Геродот пен Ксенофонт аса қызықты тарихшылар болғанға ұқсайды. Анығында, олар тек қана тарихшы емес, соның үстіне өздері және тамаша талантты беллетрист-әңгімеші, жазушы болған. Сондықтан оның екеуі де көне грек тарихын іш пыстырарлық емес, қайта аса қызықты, қызғылықты етіп жаза білген. Солар үлгісі кейін барып Римнің, одан әрі орта ғасырдың, одан кейін бар Европа халықтарының тарихтары көңілді, қызықты боп жазылуға себепші, жетекші болған деп санаймын" деген едім.
fb2epub
Перетащите файлы сюда, не более 5 за один раз