kk
ЖАРМАҚ

МҰХТАР МАҒАУИН

Сообщить о появлении
Загрузите файл EPUB или FB2 на Букмейт — и начинайте читать книгу бесплатно. Как загрузить книгу?
  • Марина Аманжоловацитирует4 года назад
    Қажып оқысаңыз, жазығы сізде емес, қалай жыласаңыз да
    қайтып келмес советтік оқу жүйесіндегі жалпақ жұртын ескі ертегімен жаңа
    заманға бұйдалап әкелген жазушылар қауымында.
  • Марина Аманжоловацитирует4 года назад
    Жалпақ жұрт алдында абыройдан
    айрылғаны ештеңе емес, ғұзырлы билікке жаманатта қалмақ
  • Akmoldir Karimbekцитирует5 лет назад
    Міне, тағы да ықшамдап, артық желін шығарып бергенде осындай. Жай ғана сандырақ емес. Аяр, улы, зәрлі сандырақ. Ақыры түпке жететін нақты бағдарлама. Бүгінгі бәтуасыз, жауапсыз сөздің ертең шындыққа айналуы – оп-оңай.
  • Akmoldir Karimbekцитирует5 лет назад
    Өкіметің де, парламентің де соның ар жақ, бер жағы. Бәрі бір қисап. Бәрі де елдің есебінен. Қазақтың. Тағының тұғырын бекіте түсу үшін, дәулетін дария, мұхиттан асыру үшін ештеңеден тайынбайды. Біздің Жармақ сол көптің бірі ғана.
  • Akmoldir Karimbekцитирует5 лет назад
    Осы байлықтың шегіне жету үшін, әлгі билікте біржола беку үшін табан астындағы қара жер, төбедегі көк аспан тұрыпты, ата-бабаңның көрдегі қураған сүйегіне дейін сатып бітірмей ме.
  • Akmoldir Karimbekцитирует5 лет назад
    алапан – басына, тұрымтай – тұсына. Шын обал іздесең – қадарынша халқына еңбек еткен, үмітпен күн кешкен, ақыры бар тілегі сарып болған, байырғы қазақтың ең соңғы сарқыны, аз да болса алаш ұранды азаматыңа жаның ашысын.
  • Akmoldir Karimbekцитирует5 лет назад
    ашық шыны астында күндіз-түні толық тексерісте ғұмыр кешіп жатқандар сияқты. Ол – кінәсі, қылмысы болмаса да, қапысыз бағымға кесілген қаншама адам – тұтас бір мемлекеттің халқы еді ғой. Ал мен – жалғыз өзім. Қадағалауы заңды және әлдеқайда оңай.
  • Akmoldir Karimbekцитирует5 лет назад
    Қайтадан бөліну керек деп ойладым. Енді мен бөлінем. Әділдік қайда. Ол алай, мен былай. Міне, қазір бөлінем... Бөліне алмадым. Екі жармақ емес, бір бүтін екем. Тұтас. Бір Жан... Енді мойындауға тура келді. Мұрат деген де мен, Марат деген де мен. Бір кісі. Мен өзім. Бірге тудық, бірге өстік, заманың тайғағында екі кейіпте дербес ғұмыр кешсек те, ақыры бірге өлдік. Енді ғарасат майданында бірге жауап береміз. Екі кісі, екі ғұмыр емес, бір кісі, бір ғұмыр ретінде. Мен ғана. Жалғыз өзім.
  • Akmoldir Karimbekцитирует5 лет назад
    Ата-қазақтағы ұлы тұлғалардың бәрі мансұқ етілді. Ойшылдарың – қияли, ақылманың – наркоман, ғұламаң – сатқын деп жарияланды. Ешқандай теріс айғақ, қиғаш дерек болмаса да, бәрі кәкәй.
  • Akmoldir Karimbekцитирует5 лет назад
    алпыға тән жамандықтың шіріген шикі жемісі ғана.
fb2epub
Перетащите файлы сюда, не более 5 за один раз