kk
Free
Knut Hamsun

Махаббат мұңы

  • Rahymbu'bi Rahymbekovaцитирует6 лет назад
    Әрқайсы оз жолымен тарасты. Ол тоқтап, артына бұрылды. Міне, ол келе жатыр. Бұл қолын созып, оның сыртынан естілер-естілмес етіп: "Мен сізге өкпе сақтамаймын, жо-жоқ, ешқашан сақтамаймын. Мен сізді сүйемін", - деп сыбырлады
  • Rahymbu'bi Rahymbekovaцитирует6 лет назад
    махаббат дегеніміз осы. Ол адамды опат етіп, өмірге қайта әкеле алады, қайта түлетіп, шыжғырып тұрып өз таңбасын басады; бүгін ол маған құласа, ертең саған ауады, бүрсігүні басқаны табады, өйткені ол ағынды да аумалы - төкпелі. Алайда ол саған мәңгі бітпес табын қалдырып, қашан басың қара жерге жеткенше жалыны өшпейді өйткені ол бір күндік емес, ғұмырлық сезім. Демек, махаббат дегеніміз не өзі? О, махаббат - бұл жердің жұпар иісі аңқыған жазғы жұлдызды түн. Алайда оның бозбалаға бөлектеніп жеке жүретін соқпақ іздетіп, қарияны жалғызілікті баспанасында дөңбекшітіп, мазасын алатыны несі екен? Аһ, махаббат, сен ғой, адам жүрегін гүл жайнаған баққа да, кір-қоқыр тастаған ұраға да айналдырасың, кәдімгі құпия харам қоқыстар аяқ алып жүргізбейтін әшекейі көп, ұят - ары жоқ бақшаға ұқсатасың.
  • Assel Tulegenovaцитирует2 года назад
    - Мен сізге өкпе сақтамаймын.

    Қыз тағы да аз-кем ойланды. Кенет кілт тіктеніп алды.

    - Онда не, олай болса тіптен жақсы, - деді ол - Маған бүл алда сабақ. Ол сіз үшін оншалық қайғы да болмапты ғой. Бұл жайында енді жететін шығар.

    - Сіздің ойлағаныңыз болсын. Менің шер-мұңыма бұрынғыдай қазір де селқос қарайтын сияқтысыз ғой.

    - Жолыққанша, - дейді қыз. - Жолыққанша.

    - Жолыққанша, - деді бүл

    Әрқайсы оз жолымен тарасты. Ол тоқтап, артына бұрылды. Міне, ол келе жатыр. Бұл қолын созып, оның сыртынан естілер-естілмес етіп: "Мен сізге өкпе сақтамаймын, жо-жоқ, ешқашан сақтамаймын. Мен сізді сүйемін", - деп сыбырлады.
  • Бота Алихановацитирует4 года назад
    хабарлады, бәзбір әйел суға малшынған
  • Rahymbu'bi Rahymbekovaцитирует6 лет назад
    қызғылт бұталарда сыбдырлап, сосын сап болатын жай ғана жел. Ал ізі өмірі өшпейтін таңба сияқты, қашан қабірге кіргеніңше ұмытылмайтын, ғұмыр бойы жарасы жазылмайтын махаббат болады.
    Махаббаттың осы екеуін де жасаған жаратқан тәңірінің өзі, соның көз алдында бір махаббат мәңгілікке созылып, бір махаббат майып болып жатады.
  • Rahymbu'bi Rahymbekovaцитирует6 лет назад
    Махаббат деген не? Бүл қызыл бұтадай желдің сыбдыры, жоқ, бүл - қандай жалындаған жалын, махаббат — бұл тозақ күйі, оның сазымен қарттардың да жүрегі билей жөнеледі. Ол тура шегіргүлдің өзі, жапырағын қараңғылық түсе жаяды, ол тура наз - гүлдің өзі, жеңіл лептен жапырақтарын жинап алып, тиіп кетсең солып қалады.
fb2epub
Перетащите файлы сюда, не более 5 за один раз