bookmate game
kk
Free
Мұхтар Әуезов

Қарагөз. II нұсқа

  • b2088079248цитирует2 года назад
    Бес-алты сал келе жатады. Ортасында — Сырым.

    Көзжақсым-ау, мынау Жуас қайнағаның баласы ғой. Молда жігіт келе жатыр, ойбай! Бұлар бірдеңе сезген бе? Аңдып жүрмесін бізді? Әлде әлгі келетіндерді аңдып жүр ме?

    Қарагөз.Шыдай тұр... Бұлар жаулық қылмайды...

    Сырым бізге жау емес.

    Ақбала.Не дейді? О да біле ме? Бұл тентек еді ғой, бірдеме деп, пәле бастап жүрмесін?

    Салдар бұларға тура жүреді... Тегіс сәнді киінген. Қарагөз Сырымға қарсы жүріп.

    Қарагөз.Сырым... Жүрегім!..

    Сырым(құшағын жайып қарсы келе жатып). Қара түндей қасірет ортасында жалғыз шырақ-жарығым, маңдайдағы жұлдызым! Торға түскен ақ тотым... келші, күнім! (Екеуі құшақтасады. Салдар күле қарасып, қосыла домбыра тартып қалады.)

    Ақбала.Көзжақсым, мынау ойының ба, шының ба?! Алыстан тапқан ба десем, жаңа көрдің бе осы тентекті?
  • b9596942053цитирует2 года назад
    Асан.Енді не жетпейді? Қарауылдың асылы, күміс бәйтеректегі бұлбұлы Қарагөз болғанда, сен оның алған жары екенсің, не тілейсің? Мен ұқпадым.
    Нарша.Қарагөз ақылымен, мінезімен тұсау салып тұр ғой маған.
  • b9596942053цитирует2 года назад
    «Көңілімді ала алмасаң, қарамасаң қабағыма, мені құшпайсың, маған берген малыңды құшасың»,— деді ғой.
  • b9596942053цитирует2 года назад
    Нарша.Қара күш пе, зорлық па?.. Зорлап құшам деп келдім бе мен өз жарымды.
  • b8177818602цитирует2 года назад
    Сырым.Маған барыңды айтын кет. Мені неге келтірдің? Кешегі қорғаншақтық болса, неге шақырдың бүгін мұнда?
    Қарагөз.Сағындым, көргім келді, ынтыға сағынамын. Есім кете сағынамын, жан құштарым! Сол үшін шақырттым... Әйтпесе менен бір ой шығады дедің бе?
  • b7699688732цитирует3 года назад
    Қара түндей қасірет ортасында жалғыз шырақ-жарығым, маңдайдағы жұлдызым! Торға түскен ақ тотым... келші, күнім!
  • Сабина Куанышцитирует5 лет назад
    Қолында таяғы бар, жуан, семіз бәйбіше — Мөржан шығады. Жанында күтуші қыз.
  • Сабина Куанышцитирует5 лет назад
    Сырым тайсалар деймісің? Бұл күнге шейін ой-қырына қарап көрген жоқ (Тамсанып.) Осы біртүрлі-ау өзі. Бетің бар, жүзің бар демейді.
  • Сабина Куанышцитирует5 лет назад
    Той күні. Бір топ әйел оқшау тігілген отауды көріп жүр.
  • Сабина Куанышцитирует5 лет назад
    Қарагөз.Жоқ жаным... Атама оны!.. Сен ертең мені ұзатқан жерге келесің. Тіпті мені барар жеріме де апарып саласың. Әйтпесе бір емес, екі өлгенім...

    Сырым.Жоқ... жоқ!.. Менің бармағаным артық! Мен елдің қызығын бұзып кетермін. Жаралы жас аюдай, дұшпан атаулының беті-басын жаралармын, мені босат!
fb2epub
Перетащите файлы сюда, не более 5 за один раз