bookmate game
kk
Міржақып Дулатов

Бақытсыз Жамал

Сообщить о появлении
Загрузите файл EPUB или FB2 на Букмейт — и начинайте читать книгу бесплатно. Как загрузить книгу?
  • Gabdul Akmurzayevцитирует2 года назад
    Жақсы қыз баға жетпес бір гауһар тас

    Он алты, он жетіге жеткенде жас

    Жәннаттың пісіп тұрған алмасындай,

    Қол жетпес, қандай жігіт ләззат алмас

    Сұлу қыз рақаттың кілті емес пе?

    Қолына түсіре алсаң, бардағы аш.

    Тізілген меруерттей отыз тісі.

    Нұрлы жүз, жайнаған көз, қиылған қас.

    Шекеде камшат бөрік, киген асыл,

    Сылдырлап алтын шолпы, иықта шаш
  • b0844443586цитирует3 года назад
    Ғали менЖамалдың бір-біріне көз қарауларын байқап тұрған кісі болса, екеуініңде көздерінде: «Мен сені жаным-тәніммен сүйемін»,
  • b0844443586цитирует3 года назад
    Нұрлы жүз, жайнаған көз, қиылған қас.
  • b0689418150цитирует3 года назад
    Басқа шет елдерден күйеуіне разы болмай, екінші жігітпен қашып кетіпті дегенді естігенде, ішінен ойлап: «Олар да мен секілді бейшаралар ғой»,
  • b0689418150цитирует3 года назад
    Құдай берді, әйде, қайырлы болсын, құда болыңыз, қызды қырғызға да береді.

    Байжанның баласын жұрт пәлен-түген десе де, асылдың тұқымы ғой, әлі-ақ өскен соң түзеліп кетеді,- д
  • b0689418150цитирует3 года назад
    анасын көріп қызын ал, аяғын көріп асын іш» деген мақалды да еске тұтып сөйлеуші еді.
  • b0689418150цитирует3 года назад
    Енді жарар. Жамалды оқытпай-ақ қой, он екі пәнді түгел білсе де, әйел бала дәріс айтып елге бас болмас,
  • b0689418150цитирует3 года назад
    - Сәрсенбай, қуанышқайырлы болсын, алла ұзағынан сүйіндірсін, әйел бала демеңіз! - десті. Сәрсенбай:

    - Жоқ, олай демеңіздер, мен қайбір ұл-қыз таңдайын деп жүрген кісі, - деп орнынан тұрып,

    атына мініп үйіне қайтты.
  • Zarina Kanatovaцитирует4 года назад
    «Ата даңқымен қыз өтеді, мата даңқымен бөз өтеді»
  • Даянацитирует5 лет назад
    Мысалы, жазы болған жаққа кетер
    Бір жердің қары жауып, туса қысы.
    Қыз байғұс қолға түскен сандуғаштай,
    Торында ғұмыры өтер кілтін ашпай.
    Сатады мал көп берген кісі болса,
    Кетеді жылап сорлы қарсыласпай.
    Рақым етпес және ата-анасы,
    Болса да жақсы көрген өз баласы.
    Теңіне қыздың көбі бара алмайды,
    Көнбеуге және дағы жоқ шамасы.
    Қалайша тұрсын енді жыламай қыз,
    Ерлерге қарсы келсек ұнамаймыз.
    Тұтқында өскен жандай дүние көрмей
    Жол іздеп ұлықтан ерік сұрамаймыз.
    Жаманға барсаң қор боп ғұмыр өтер,
    Ұстайды ол ақымақ күңнен бетер.
fb2epub
Перетащите файлы сюда, не более 5 за один раз