bookmate game
kk
Free

Корей ертегілері

94 бумажные страницы
Уже прочитали? Что скажете?
👍👎

Впечатления

  • Gulnaz Nurzhanделится впечатлением2 года назад
    👍Worth reading

  • b0544741563делится впечатлением4 года назад
    👍Worth reading

  • Дорамащица Кореянделится впечатлением4 года назад
    👍Worth reading

Цитаты

  • Мөлдір Алицитирует4 года назад
    Атқан садақ көбіктенген шексіз мұхит жиегіне жетеді...

    Бала оны былай деп аяқтайды:

    — Ақылгөй сөзі онан күшті,— жер дүниенің қыйырына жетеді.
  • Шото Тодорокицитирует2 года назад
    Хон Киль Тон жауап орнына аузына көрсетпей салып алған кішкентай тасты алып көрсетті де, ақырып:

    — Әкем мені мұнда тас жесін деп жіберген бе? Сіздердің король министрінің баласына осындай күріш беруге қайтып батылдарың барды?

    Тақыр басты монахтар қорыққандарынан бастарын иді.

    Осы мезгілде Хон Киль Тонның берген белгісі бойынша, оның керуенмен келген жыйырма ағасы кіріп келіп, монахтарды арқанмен байлап-матай бастады.

    Монахтар шу көтеріп, көмекке монастырдың қарауылдары келді.

    Осы уақытта керуен әкелген жүз қапшық күрішке жан бітіп кетті. Әрбір қапшықта зұлым монахтарды құртуға хабар күтіп күріш болып отырған адамдар шыға келді де, барлық монахтарды лезде байлап алды.

    Хон Киль Тон храмнан кетер алдында бұрын монахтар зорлықпен жұмыс істеткен барлық кедейлерді жыйнап алды да храмның астық сарайынан әр кедейге бір қапшық күріш, бір қапшық ақша және бір есектен үлестіріп берді. Кедейлер өздеріне тиген байлықтарын есекке артып алып, алыстағы орманның ішіне кіріп, көзден таса болды. Ал Хон Киль Тон ағаларымен бірге атқа мінді де, өздері тұратын тауға қарай жүріп кетті.

    Олар өздерінің гүлденген өңіріне жеткенде Хон Киль Тонға үлкен ағасы:

    — Сен бізге өзіңнің күшіңді, даналығыңды, айлакерлігіңді көрсеттің. Сенің кедейлерге деген сүйіспеншілігіңді де көрдік. Осыдан былай қарай ішіміздегі үлкеніміз сен бол,— деді.

    Хон Киль Тон оларға басшы болуға ризалығын білдірді.
  • Шото Тодорокицитирует2 года назад
    король министрінің баласына осындай күріш беруге қайты

На полках

fb2epub
Перетащите файлы сюда, не более 5 за один раз