kk
Шәкәрім Құдайбердіұлы

Қалқаман-Мамыр

Сообщить о появлении
Загрузите файл EPUB или FB2 на Букмейт — и начинайте читать книгу бесплатно. Как загрузить книгу?
  • urtembaevbmцитирует9 лет назад
    ҚАЛҚАМАН-МАМЫР
    (поэма)
    Өткен іс — ойға күңгірт, көзге танық,
    Көрмесе де білгенге бәрі қанық.
    Мың жеті жүз жиырма екінші жыл
    Қазақтың Сыр бойында жүргені анық.
    Әнет бабаң Арғынның ел ағасы,
    Әрі би, әрі молла, ғұламасы.
    Орта жүзге үлгі айтқан әділ екен,
    Сол кезде тоқсан беске келген жасы.
    Кішік деген — бабаңның өз атасы,
    Мәмбетей ол Кішіктің бір ағасы.
    Мәмбет сопы, Кішіктің шешесі бір,
    Қатаған Тұрсын ханның ханышасы.
    Біздің жетінші атамыз Әйтек деген
    Бабаңның бір туысқан інісі екен.
    Әйтектің бәйбішеден жалғызы Олжай,
    Тоқалынан Байбөрі Қалқаманмен.
    Бәкең деп атап кеткен Байбөріні,
    Бұл сөзім ертек емес, сөздің шыны.
    Бір қыз үшін Қалқаман елден кеткен
    Соның жайын айтайын тыңда, міне:
    Мәмбетей өсіп, өнді бара-бара,
    Сол таптан бір бай шықты жеке-дара.
    Сол байдың он бес жасар қызы Мамыр
    Әрі сұлу, әрі есті, еркекшора .
    Онан басқа бала жоқ әлгі байда,
    Оны қыз деп еш адам айту қайда.
    Еркекшора — еркек балаша киінген қыз (автор)
    Байдың көңілі жабырқап қала ма деп,
    Жұрт жүрді құда болам дей алмай да.
fb2epub
Перетащите файлы сюда, не более 5 за один раз