Сәбит Дөнентаев

Казақ ақыны. Оның поэзиясы терең мазмұнды, ойлы болумен бірге көркемдік қырларымен, өзіндік өзгешеліктерімен де ерекшеленеді. Ең алдымен ақынның көптеген өлеңдерінде нақтылық сипат, тұжырымдылық басым. Оның поэзиясының тілі таза, қарапайым және сонымен бірге бейнелі де көркем. Сәбит поэзиясында сырттай жарқылдақтық, асқақ лептілік жоқ. Ол өмір шындығын боямасыз қалпында, реалистік сарында суреттейді.
годы жизни: 1894 23 мая 1933

Цитаты

b1979059544цитирует2 года назад
Жан-жануар, адамзат — бәрі де жаратылыстық жақсылығына зар.
Жалғыз-ақ біреу бар. Ол жаратылысқа разы емес. Жаратылыс оған разы емес. Екеуі бір біріне қырын қарайды. Бірін бірі сүймейді. Жаратылыстың жоғарғы айтылған неше түрлі көркем суреттері бүгінгі таңның жан-жануарға беріп тұрған мейрамы бәрі онан аулақ. Ол мұның бәрінен хабарсыз саңырау. Қара жерді жасартып, қара тасты жібіткен жаратылыстың күші қандай болса да, оның беріш қатқан кепкен жүрегін жібіте алмайды да, жасарта алмайды. Тек оның жаратылыстан алған еншісі кек моланың, бір бұрышы. Оған таңның атқаны, күннің батқаны, бүгінгі таңның әсері оның, ойына да кіріп шыққан жоқ.
b1979059544цитирует2 года назад
Оның ендігі күткені келешекте бақытты кісі болам деп өмірінің гүлін көксеу емес. Қандай бақытсыздық қиыншылық болады? Қашан, қай жерде өліп сүйегі қалады? Сол ғана, өлсе де, тірілсе де кек моланы тастағысы келмейді. Бүгін де осы көк молаға қонып шыққан.
b1979059544цитирует2 года назад
Ол жалғыз, ол бақытсыз, ол қорғансыз, оған ешкімнің де жаны ашымайды

Впечатления

b1979059544делится впечатлением2 года назад
👍Worth reading

Көкетай әңгімесі, мен оқыған әңгімелердің ішіндегі жүрекке ерекше бір сезім қалдырған, бүгінгі күніме шүкіршілік еткізген шығарманың бірі десем қателеспеймін...
Әңгімені оқыған кезде көзіме жас еріксіз тоқтамай, Көкетайды өзімнің құшағыма алып, жұбатқым келді, бірақ әттең ол мүмкін емес...

  • fb2epub
    Перетащите файлы сюда, не более 5 за один раз