bookmate game

Сұлтанмахмұт Торайғыров

  • Тимурцитирует2 года назад
    "Жақсыдан жаман туса - емі болмас, жаманнан жақсы туса - теңі болмас"
  • b2691949379цитирует2 года назад
    ұлу Қамар, ақын Қамар, жаным Қамар,
    Қамаржан, сені ойласам, ішім жанар.
  • Мадина Тулегенцитирует2 года назад
    тұрған әке-шешесі тағы бар: оларды тастау оңай болып па? "Теңі келсе тегін бер" дегенге көне қоятын қазақ па? Өйтпек тұрсын, "Қамар" деп аузынан шығарса-ақ айып салып, бірдеңесін өлтіргеннен жаман тергеуге алатын жайы бар. Міне, бұған Қамардың көзі жеткені секілді, Ахметтің де көзі жетіп, "әйтеуір түпкілікті бола алмайтынымыз ақ,
    олай болғанда нақақ біреуді қаралауда қанша пайда деп, олай-былай құмартып құрыстап келгенмен, ақылға жеңдіріп тоқтала беруші еді.

    Жалғасы

  • Мадина Тулегенцитирует2 года назад
    Ғибрат ал мен сорлыдан, қазақ қызы!
    Түйрейтін мал менен шал - саған бізі.
    Оңбайды бұл әдетпен қазақ халқы,

    Ақын әйел теңсіздігіне қарсылығын кейіпкер сөзі арқылы жеткізуде

  • Alikhanцитирует2 года назад
    ойы онға, ақылы алтыға бөлініп
  • b7273399941цитирует2 года назад
    Ол рас, менің жоқ қой басар тауым,
    Нәрсенің көз алдымда бәрі жауым.
    Жалғыз-ақ тиыш жерім - қараңғы көр,
    Сонда барып жатамын, бар ма дауың?
  • b7273399941цитирует2 года назад
    Етімді сен сипаған құрттар жесін,
    Қабырдағы хашарат* жұрттар жесін!
    "Ауызға сөз, маңдайға көз боп жүріп,
    Қор болған міне, осылай Қамар",- десін.
    Бір өлсем күнде өлгенше саған тиіп,
    Кетемін келмес жерге қаным қиып.
    Ол жерден ала алмассың, бара алмассың,
    Болыспын деп айқайлап, кісің жиып.
  • b0259875991цитирует2 года назад
    Ахметпен Омардың үлкен баласы - Қасен құрдас һәм жасынан бірге өсіп, бірге оқып, біте қайнаған сырлас еді
  • b0259875991цитирует2 года назад
    Жақсыдан жаман туса - емі болмас, жаманнан жақсы туса - теңі болмас"
  • b0259875991цитирует2 года назад
    тұла бойы тітіренгенсымақ қызуланып, қызынып, қуанышты-қорқынышты, аттай тулап, аузына қарай тығылыңқыраған жүрегі сөйлесе дірілдеп кетейін деп суынып-ісініп қымтырылып қымсынып, бір жоғары, бір төмен қарап қайта-қайта ұмсынып, ешбір нәрсе айта алмай шыға беруші еді.
fb2epub
Перетащите файлы сюда, не более 5 за один раз