Күн сайын осы. Күн сайын ұйқы қанбай мәңгірт боп түрегелеміз. Аштық уайым емес, ұйқы уайым. Ұйқысы қанып бір ұйықтаған адамда арман бар ма екен дейміз.
Әсемцитирует2 года назад
Жауапты құлшына жазамын, – әкем де, шешем де кедей болған! Жай кедей емес, қу тақыр кедей.
Әсемцитирует2 года назад
Мен бұны шынайы мақтаныш етіп жазамын. Ата-тегімнің кедей болуы ол совет өкіметі үшін менен сенімді, менен бағалы адам жоқ екенін білдіретін бас бұрғызбас дәлел секілді. Ана Жылқыбай балалары өйдеп – ата-тегіміз кедей болған деп жаза алмайды.
Әсемцитирует2 года назад
Ырғалып-жырғалып, ол қозғалып болғанша, өмір керует біраз жерге барып та үлгереді.
Әсемцитирует2 года назад
Бірақ әкем ағаш пышақ тәрізді, қанша қайраса да өтпейді.
Әсемцитирует2 года назад
Мен бұған да ыза болушы едім. Жұртта бар зат бізде неге жоқ?
Әсемцитирует2 года назад
Бәрі құдайдан, құдай өзі жеткізеді» дейді әкем. Қашан жеткізеді? Сарғайып қанша тосуға болады оның жеткізуін? Ол жеткізгенше, желкеміз үзілетін болды ғой.
Әсемцитирует2 года назад
Уайымсыз адам, күйіп-піскенді білмейді, жайбарақат. Мезгілсіз тозып, шаршамайды.
Әсемцитирует2 года назад
Жаныңа келсе, денесіндегі мың бір құрты жыбырлап, тиіскісі кеп, құтырынып тұрады.
Әсемцитирует2 года назад
Ох, шіркін! Адам өмірден тек бала болып өтсе! Ойын-күлкімен өтсе! Өмірге қалай келіп, қалай кеткенін білмей қалар болса!