Free
Findyourb.com

53. Мақпал Жұмабай: “Кез келген өзгеріс бір адамнан басталады”

Слушать в приложении
Мақпал Жұмабай - музыкант ақын, авторлық орындаушы. Әр өлеңнің әуенін еститін сезімтал өнер иесі. Шығармашыл табиғатына қарамастан кәсіби жолында бірнеше жауапты жобаларды сәтті ұйымдастырып келеді. Осыған дейін kitap.kz онлайн кітапханасының редакторы, Жаңғырық тележобасының продюссері болған Мақпал қазіргі таңда Балапан телеарнасының директоры.

Бүгінгі эпизодта Мақпал Жұмабай ақын болудың ерекшелігі, өнері үшін менеджментті үйренгені туралы, телеарна арқылы балалармен қалай байланысатыны туралы айтып береді. Сонымен қатар өзінің тәжірибесінен жинаған жұмыс пен уақыт тиімділігі жайлы ақыл-кеңестерімен бөліседі. Ескертпе: эпизодта Мақпал Жұмабайдың рұқсатымен “Қарсылық” атты туындысы ойналады, бұл подкасттағы шығарылымнан бөлек рұқсатсыз қолданылуы заңсыз.

Мақпал Жұмабайдың жеке сайты

Мақпал Жұмабайдың концептуалды концерттері:

“AYA Live”

“Мақпалшер”

“Жаңғырық” тележобасы

Подкаст жүргізушіcі: Дана Қамзабек

Дизайн: Мариям Тоқанова

Подкастты Patreon-да қолдау

Подкаст туралы толық ақпарат
1:03:25
Издательство
Findyourb.com
Год выхода издания
2019
Уже прочитали? Что скажете?
👍👎
fb2epub
Перетащите файлы сюда, не более 5 за один раз