Біз "Тамаша жыл" кітап клубының қазан айындағы таңдауы Эллиот Аронсонның "Көпке ұмтылған жалғыз. Әлеуметтік психология" кітабының 4-тарауын сіздермен бірге талдамақшымыз. Бұл эпизодты басынан соңына дейін Швейцариядағы Цюрих университетінің әлеуметтік антропология бойынша докторанты Индира Алибаева жүргізеді.
Әлеуметтік таным - бұл біздің басқа адамдар мен әртүрлі әлеуметтік жағдайлар туралы қалай ойлайтынымыз, бұл ақпаратты қалай сақтап, қолданатынымызды зерттейтін әлеуметтік психологияның бөлімі.
Уақыт коды:
1:00 - Индираның диссертациясы. Адамның этностық ерекшелігі оның өміріне қалай әсер етеді?
2:28 - Орта ғасырдағы және қазіргі стереотиптер
3:45 - Әлемді қалай түсінеміз?
4:10 - Түсініксіз заттарды қалайда түсінікті етуге тырысамыз
5:27 - Адам белгілі бір ерекшеліктерімен туылады және тәрбие/қоршаған орта қосымша реңк береді
9:18 - Адамның миы жылдам реакция береді: сөйтіп стереотип туындайды
12:09 - Үйреншікті емес жағдайларда орын алатын ойлау жүйесі
13:34 - 100% дәлелденбеген ақпаратқа неге сенеміз?
14:35 - Адамдар үнемі басқа адамдар туралы ойлайды, олардың ойлары қызық; құбылыстардан, заттардан адамның бейнесін іздейміз
16:00 - Адамдарды жіктеу: "өзіміз" vs "бөтен"
18:40 - Адамның пікіріне әсер ететін сыртқы факторлар. Әлеуметтік контекст
19:00 - Бағалау салыстырмалы контексте жүреді
20:00 - Санамыздағы схемалар, модельдер