Оқиғаның басты кейіпкері — психиатриялық ауруханаға түскен 17 жастағы Алма. Ол қалың ұйқыға кеткенде, оң қолы өзін қылқындырып өлтіруге тырысады. Дәрігерлер себебін анықтай алмайды. Сан түрлі әдіспен емдеуге тырысқанмен, Алмаға көмектеспейді. Бойжеткенді емдеуші дәрігер қолын алып тастау керек деген шешімге келеді.
Бүгіннен бастап біз #қысқашамазмұн айдарын бастаймыз✨
Бұл айдарда апта сайын көп адам біле бермейтін қазіргі қазақ жазушыларының шығармасынан қысқаша мазмұны мен үзіндісін жариялайтын боламыз.
Бүгінгі жазушы Төлен Әбдік – драматург, 79 жаста. Қостанай облысында дүниеге келген. Шығармаларында адам жаны мен өзін-өзі тану, жаратылыс мәні, адамзат мәселесін қозғайды.
Жазушының қай шығармасын оқыдыңыз? Тағы кімді ұсынар едіңіз? Осындай тақырыптарды қозғауды жалғастыра берейік пе? ✨
https://www.instagram.com/p/CQtE81YnVo5/?utm_medium=copy_link