растылығына иемін. Бұл растылық, қалай ол қарапайым елестетуде болатындай, "меннің" қасиетінің қайсыбір тегі, оның табиғатының қайсыбір анықталуы ретінде қарастырылмауы керек, бірақ оны "меннің" өзінің табиғаты ретінде түсіну қажет, өйткені бұл соңғы, өзін өзі өзінен ерекшелемей, бар бола алмайды, және де осыда, сол мезгілде өзі өзінде қалмайтын, одан ерекшеленгенде — ал бұл дәл осыны білдіретіндей, — өзі туралы білімге не болмай, өзі өзінің растылығына иеленбей және осындай болмай, ол бар бола алмайды. Растылық, сондықтан, қалай еркіндік жігерге болса, солай "менге" қатысты. Қалай растылық "меннің" табиғатын құрастырса, солай еркіндік ерік-жігердің табиғатын құрастырады. Жақынырақ алғанда, алайда, растылықты тек субъективтік еркіндікпен, бассыздықпен салыстыруға болады, тек объективтік растылық, ақиқат шынайы ерік-жігер еркіндігіне сәйкес келеді.
Ендеше, өзі өзіне рас "мен" алдымен әлі мүлдем қарапайым субъективті, әбден абстрактылы еркін, әбден анықталмаған идеалдылық, немесе кез келген шектіліктің терістелуі болып табылады. Сондықтан "мен", өзін өзі өзінен итермелей отырып, бастапқыда тек формальды, ал өзінен шынында өзгеше емес болады. Бірақ, логикада қалай көрсетілгендей, өзінде баршылық айырмашылық та болуы, шынайы айырмашылыққа дейін дамытылуы міндетті. "Менге" қатынасты бұл даму, антропологиялық салаға кері құйылмай, "мен" руханилық пен табиғилық бейсаналық бірлігінде, бірақ өзінде рас болып қала беріп және өзін өзінің еркіндігінде ұстай тұра, өзінің басқасын тотальдыққа, "меннің" бірдей тотальдығына дейін дамуға міндеттейді және де тап осының салдарынан жанға жататын тәнділіктен оған дербес қарсы тұратын бірдеңеге, сөздің шынайы мағынасындағы әлдебір нәрсеге айналады. Бірақ өзіндегі "мен" өзі өзінде айырмашылықты ұстап тұратын болғандықтан немесе басқаша айтқанда, өзіндегі ол өзі өзінің және өзінің басқасының бірлігі болып табылатындықтан, сондықтан ол нәрседе бар болып тұрған айырмашылыққа қажеттілікпен жатқызылады және де осы өзінің басқасынан тікелей өзіне рефлексиялайды. "Мен", ендеше, одан шынайы өзгешелеу жоғарылайды, бұл өзінің басқасында өзінде болып шығады және кез келген андауда өзі өзінің растылығын сақтайды. Тек қана мен өзімді "мен" ретінде түсінуге қабілетті болғандығымнан, басқа мен үшін нақтылы нәрсе бола бастайды, маған қарсы қойылады және сол мезгілде идеалды түрде менімен пайымдалады, сондықтан, менімен бірлікке қайтадан келтіріледі. Міне, сондықтан алғы параграфта "мен" жарықпен салыстырылды. Қалай жарық өзі өзін және өзінің басқасын, қараңғыны тауып алу болса, және өзі өзін тек бұл басқаны тауып алу арқылы тауып ала алатыны сияқты, солай және де "мен", қандайда оның басқасы ол үшін одан тәуелсіз әлдебір формада ашылғанындай, тек сол мөлшерде өзі өзіне ашылады.
"Мен" табиғатының осы бүкіл жалпы сыртқылығынан әрі, бұл "меннің" — сыртқы нәрселермен күреске түсетіндіктен сәбилік кезеңде болатын әлеммен бірліктегі әлі қуатсыз жанға жоғарыда қарастырылған рухтың сырқат күйлері еніп кете алатын болғандықтан бұл менің одан — әлдеқайда жоғарғы екендігі енді жеткілікті шамада айқындалады.
§414
Рухтың өзімен бара барлығы, бастапқыда "мен" ретінде