Ақ буалдыр арасынан мұнарланып бір сұлба байқалғандай болады.
— Мақсұтпысың? — дейді Хадиша. — Есікті жаба келсеңші, үйдің іші суып кетті ғой. Мен сені келеді ғой деп күтіп жатыр едім. Жақсы болды ғой. Мен сені еңлік гүлін іздеп кеткен екен десем, соғысқа кетіп қалыпсың ғой. Сен қайтып келсең той жасаймын ғой деп бір құнан қошқарды бордақылап жүр едім, бұйырған екен, жақсы болды ғой.
Сұлба үндемейді. Не бері жылжымайды. Хадиша өзі барайын десе орнынан тұра алмайды.
— Қараң қалғыр, қу кәрілік-ай, быламық ішейін деген асым ба еді, бұ сексен жасайын деген жасым ба еді. Мешел боп қалдым, Мақсұт. Көзім де көрмей қалды. Бірақ мен сені танып жатырмын. Жылап тұрсың ғой, неге жылайсың? Қайта қуанбайсың ба, аман-есен өз үйің, өлең төсегіңе оралғаныңа