Өйткені махаббатсыз болашақ жоқ. Махаббат — адамның ұлы қуаты, ұлы сенімі. Ол қуат, ол сенім Отанға болсын, халқыңа болсын, сүйген жарыңа болсын кіршіксіз таза келуге тиісті.
duisen17цитирует4 года назад
Алдағы күнге сенімің жоғалған күні адам өмірге де сенімін жоғалтады. Сен сеніміңді жоғалтушы болма, сонда ғана өмір сені ұмытпайды.
duisen17цитирует4 года назад
Адамның көңіліне бір қылау түссе, жүрісі бұзыла бастайтын сағат секілді, оған сенім аз.
Бум Бумцитирует3 года назад
Егер адам бір рет бақытсыздыққа кездессе, өмір бойы жылап өтуге тиісті ме?.. Жоқ, ол мүмкін емес!
Бум Бумцитирует3 года назад
Жанындай жақсы көрген адамының денесіне пышақ тигізу түгіл, оған қатты сөйлеудің өзі қандай қиын. Әсіресе жақсы көрген адамың хал үстінде жатса
Бум Бумцитирует3 года назад
Ие, егер шын адам атын ақтай алмасаң, сенің жапырақтан нең артық?
Бум Бумцитирует3 года назад
Егер өзің бөтеннің махаббатын жерге таптағанда, басқадан сенің махаббатыңды сыйла деп қалай сұрай аласың?
Бум Бумцитирует3 года назад
Алдағы қызығыңа, жаныңдағы серігіңе сенімің жоғалған кезінде адам өзін жардан құлап бара жатқандай сезінеді екен..
Бум Бумцитирует3 года назад
Ең алдымен өмірден түңілмеуің керек. Қасіретті кездерінде адам өмірден түңілсе, онда өзін-өзі өлімге байлап бергені. Дүниеде өмір деген ұлы күш бар.
Бум Бумцитирует3 года назад
Жоқ, болмайды! Сенің шын махаббатыңды таптаған адам үшін еш уақытта да қамығудың, ренжудің қажеті жоқ. Бәрібір ол түсінбейді».