bookmate game
kk
Free
Тахауи Ахтанов

Күй аңызы

  • b5268489955цитирует6 лет назад
    Әңгіме
    Екі салт атты адырдың басына желе-жортып шықты да аттарының басып іркіп, алақан астынан алысты шолды. Төмен қарай көлбеп бара жатқан кең жазықтың шетінде мұнартып оқшау тұрған жалаңаш тау көрінді.
    Анау Ипан тауы ғой,— деді жас жігіт қамшысымен нұсқап.
    Жас жігіттің даусы аңсағанын көргендей қуанышты шықты. Оның астында жалын өрген қылаң бесті, үстінде өңіріне зер ұстаған көк мақпал камзол, талдырмаш белін қызыл үдері белбеумен қынай буған, басында төбесін көк мақпалмен тыстаған құндыз бөрік. Тек ер-тұрманы ғана жұпынылау. Бір кезде көк сауырлап, жез шегені тізілте қаққан ері басқа біреудің астынан ауысқан сияқты, әбден тозып, бояуы оңып жарғақтанып кеткен. Ердің артындағы ұзын қызыл қоржыннан шекпен қап кигізген домбыраның мойны шығып тұр. Оның қасындағы күрең атты — жасы елуді алқындырған, әдемі дөңгелек қара сақалды, биік дөңес мұрынды, кішілеу өткір қоңыр көзі биік қабағының астында терең ұялаған, қағылез кісі. Бұл осы өңірге аты кең жайылған Естемес күйші еді. Ол маңдайына тосқан қолын түсіре берді де, етсіз салалы саусағымен қамшысының ұшын қағып алды.
    Бұл маңдағы ауыл көшіп кеткен-ау, – деді Естемес ойланғандай болып.
    Неге? Ауыл ылдида — Ипанның етегіндегі қайнарда болар,— деді жас жігіт.
    Қыбыр еткен бір қара көрінбейді. Бұл ауылдың малы әрі Ипан аспай, бергі осы бозда жайылатын еді ғой.
    Жаңа ғана Ипанды көргенде балапандай талпынып сергіген жас жігіт енді басылып қалды.
    Ие, мал көрінбейді, – деді ол даусы солып.
    Естемес жас жігітке өңі жылып, есіркей қарады.
    Шаршадың білем, ә? Оқасы жоқ, ел болмаса да, қайнарда ат шалдырып, тыңайып алармыз,— Ол сәл күрсінгендей болды.— Күйшінің өмірі осы. Қамшыны тастай беріп, домбыра ұстайсың
  • Айзат Ибжаровацитирует2 года назад
    Өлімнен ұят күшті
  • Айзат Ибжаровацитирует2 года назад
    Ботасы өлген боз інген
  • Айзат Ибжаровацитирует2 года назад
    Нардың түрі жүдеу, бүйірі солып, өркеші қамшылар жағына қисая бастаған. Тамыры құрған ағаштай семіп, кішірейіп бара жатқан ірі тұлғасы, күйіс қайырмай, қыбыр етпей тұрған мүсәпір бейнесі, әсіресе телміре қараған жасқа толы үлкен мөлдір көзі екі күйшіге қатты әсер етті.
  • Аружан Жаксылыкцитирует2 года назад
    Жасы он алты – он жетілер шамасында болар. Қою қара қасты, мөлдіреген қара көзді, дөңгелек жүзді, қара торының сұлуы екен. Үстіндегі жалаң көк көйлегі тозған. Шынтағындағы білдіртпей салған жамауын да күйші көзі шалып қалды. «Әттең үлде мен бүлдеге ораса, жанып-ақ кетер едің-ау»,
  • Аружан Жаксылыкцитирует2 года назад
    ерең әжімді, ашаң жүзіне жастық балғын нұр жүгіріп, кішілеу өткір көзі дымқыл тартып
  • Аружан Жаксылыкцитирует2 года назад
    Оразымбет ұстазын аяп кетті. Қабағы кірбеңсіз, көңілі ашық көрінген ұстазын іштей кемірген зор уайым бар екен.
  • Аружан Жаксылыкцитирует2 года назад
    шығып тұр. Оның қасындағы күрең атты – жасы елуді алқындырған, әдемі дөңгелек қара сақалды, биік дөңес мұрынды, кішілеу өткір қоңыр көзі биік қабағының астында терең ұялаған, қағілез кісі. Бұл осы өңірге аты кең жайылған Естемес күйші еді. Ол маңдайына тосқан қолын түсіре берді де, етсіз салалы саусағымен қамшысының ұшын қағып қа
  • Аружан Жаксылыкцитирует2 года назад
    Жас жігіттің даусы аңсағанын көргендей қуанышты шықты. Оның астында жалын өрген қылаң бесті, үстінде өңіріне зер ұстаған көк мақпал камзол, талдырмаш белін қызыл үдері белбеумен қынай буған, басында төбесін көк мақпалмен тыстаған құндыз бөрік. Тек ер-тұрманы ғана жұпынылау. Бір кезде көк сауырлап, жез шегені тізілте қаққан ері басқа біреудің астынан ауысқан сияқты, әбден тозып, бояуы оңып жарғақтанып кеткен. Ердің артындағы ұзын қызыл қоржыннан шекпен қап кигізген домбыраның мойны
  • b4824127657цитирует2 года назад
    Қанша ел көрсем де, жер көрсем де, қайтып оралар бір қазығым жоқ. Жар сүмей, бала сүймей кетіп барам. Енді бір айналғанша қарттық келеді. Нағыз от басының жылуын аңсайтын кез сонда болар.
fb2epub
Перетащите файлы сюда, не более 5 за один раз