kk
Free
Мұхтар Әуезов

Оқыған азамат

  • Assel Tulegenovaцитирует2 года назад
    — Жұрты құрғыр кісіге жақсылық ойлаушы ма еді? Сен мал тауып байып бара жатсаң, көре алмайды. Өнебойы жұрттан қорқамын деп, сыбағаңнан құр қалып жүрме, арсыз болмай — абыройлы болмайсың деген!— деп, өмір бойы айтып көрмеген өсиетін баласына енді айта бастады.
  • b4234923574цитирует2 года назад
    — Байдың баласысың, бай жесірдің байысың, бай қайынға күйеусің...
  • Assel Tulegenovaцитирует2 года назад
    — Шіркін, адамшылық қарызы деген бар емес пе? «Оқыған» деген атың қайда?! Пысық жігіт болдың, тегін қатын алдың, үйінен әкелген мүлкін алдың. Өзің де кедей емессің, қатыныңның төркіні — қаланың үлкен байы. Кішкентай қыздың шығынын көтере алмаймын дедің бе? Неменесіне өлгелі отырған кемпірді жылатып, кешегі жолдасың — Мақсұттың аруағын күңіренттің?— деді.
  • Thibàu Kèlddiçцитирует4 года назад
    Ертеңіне Мейірхан Жұмағұлға жолығып:

    — Шіркін, адамшылық қарызы деген бар емес пе? «Оқыған» деген атың қайда?! Пысық жігіт болдың, тегін қатын алдың, үйінен әкелген мүлкін алдың. Өзің де кедей емессің, қатыныңның төркіні — қаланың үлкен байы. Кішкентай қыздың шығынын көтере алмаймын дедің бе? Неменесіне өлгелі отырған кемпірді жылатып, кешегі жолдасың — Мақсұттың аруағын күңіренттің?— деді
  • Thibàu Kèlddiçцитирует4 года назад
    құшақтап қысып, Мақсұтты жоқтағаны Қадишаның қатып қалған көңілін жібіте алған жоқ
  • Thibàu Kèlddiçцитирует4 года назад
    Намазда күндіз-түні дұғаның орнына жалғызының атын атап, сыбырлап, жалынып тілеуден босаған жоқ еді. Бос отырғандай болып, үй іші оңашаланып жалғыз қалса, көзінен үнсіз жасын ағызып, кейде кемсеңдеп жылап та алады. Тілек пен қайғыдан тозған жүрегі алдында жылжып тақап келе жатқан қауіпті ойлап езіледі
  • Thibàu Kèlddiçцитирует4 года назад
    Осы халдің бәрін де көздерімен көріп тұрған оқығандар бір-бір ауыр күрсініп алып, салбыраған пішінмен үйді-үйлеріне тарасты
  • Thibàu Kèlddiçцитирует4 года назад
    . Жұмсақ қара көздері кішірейіп, жасаңданған
  • Thibàu Kèlddiçцитирует4 года назад
    Сәнді киінген сүйкімді пішіні бар жас әйелдің түсінде де әлгіндей кейістің таңбасы бар. Түсінің ажары кетіп, қатты жүдеп, ақсұрланған. Қабағы болымсыз түйіліп, уайымның сызынан шытынған
  • Thibàu Kèlddiçцитирует4 года назад
    Жігіттің пішініндегі томсарған кейісіне қарағанда, қабағы түксиген жүдеулікке қарағанда, бұл келген үйінде бір оқиға болғанға ұқсайды
fb2epub
Перетащите файлы сюда, не более 5 за один раз