kk
Free
Мұхтар Әуезов

Білекке білек

  • Bekzat Bekbolatделится впечатлением3 года назад

    "Білекке білек" деген Әуезовтің кейінгі жылдары есеп үшін жазған ортанқол әңгімесі. Өйткені отызыншы жылдары тергеуге тартылып абақтыға жабылған соң баяғы сарында шығарма жаза алмай қалған еді. Осылай колхоз өмірін суреттеген әңгімелер жаза бастаған солай. Ұмытпасам осындай әңгімелердің бірі де осы Білекке білек. Тағы бір қарап шығу керек екен. Мұнда назар аударарлық нәрсе Несібелі апаның кезінде өздері "рисала" дейтін діни кітаптарды оқығаны. Соны енді Жақып деген баласы кекеткендей қалжыңдап ішінен бірдеңелер оқып тұрады. Осыдан біз кезінде қазақтардың бұрында діні берік болғанын жорамалдай аламыз. Одан кейін қызық келгені, кейіпкерлердің "қаяқта, болат, келет" деген сықылды кейбір өңірге тән сөйленіспен сөйлеуі болды. Әсіресе "жүдә" деген сөзді тым көп қолданады. Оңтүстіктен бе деп ойлап отырғаным сол еді, аудан орталығы Ванновка дегенді оқығасын сөзсіз оңтүстік деп байлам жасадым. Себебі біздің Түлкібас ауданының орталығын әлі күнге Ванновка дейміз. Қазіргі атауы Тұрар Рысқұлов қой әйтпесе.

  • نادية مسلمделится впечатлением7 лет назад
    👍Worth reading

fb2epub
Перетащите файлы сюда, не более 5 за один раз