«Қанатты сөз — қазынаның» бұл 1-ші кітабында халық арасына кең тараған мақал-мәтел, қанатты сөздердің шығып-қалыптасу тегін қарастырамыз. Қанатты сөздердің көбі халық өмір-тіршілігімен біте қайнасып, ерте заманнан келе жатқандықтан, сөз тіркестері ескіріп, ұғынып-түсінуге қиындық тудырған. Сондықтан, әр әңгіменің басында немесе соңында түсіндірмелерін де қоса беріп отырмыз.