Ақиқатты іздесең,айналаңдағы барлық нəрсенің,барлық құбылыстың,жалпы өмірдің жалған екенін сезесің!бізде Ақиқат деген сөздің өзіне мəн бермей,бір сəт не екенін ойламай,өмірдің жаңа ашылған жаңалықтарына алданып,дүние атты жылтырақ жалғанның артынана ерген пендеміз,көп қателесеміз,ұрынамыз,сан соғамыз шындықтың не екенін білгіміз келмейді..неге? Өйткені..ақиқаттың, шындықтың не екенін білген,сезген күндегі өкінішімізден,қайғымыздан қорқамыз..
Пендемізғой..бəріміздіңде өлгіміз келмейді..
Бырақ өлеміз бұл Ақиқат!.осы тұста
Уақыт деген құбылысқа алданып. Ерік беріп..ертең,кейін,сосын деген сөздермен ақ.уақытты өткіземіз......
Біз қорқақпыз..өтееее əлсізбіз....өкінішті.
Ақиқат.. ол ҚҰДАЙДЫ ТАНУ,ӨМІРГЕ НЕ ҮШІН КЕЛГЕНДІГІҢДІ БІЛУ...!
Жақсы кітап,бірақ оқырманға айтар кеңесім Роберттің бар айтқаны дұрыс деп ойламаңыз.Роберттің бұл ойларына білімсіздікпен махабаттың жетіспегенін сеземіз,яғни айқан құдай,ғылым,адам туралы ойлары бар болғаны өзінің тым сірелеп,өмірді тұнып тұрған қиянатқа санауында.Сондықттан Роберттің бұл халін түсініп,кітаптың мысалдармен келтірілген мәнін түбінен түсінгеніңіз абзал
Кітап өте қызық,бірақ соңында не болғанын түсінбедім
Фантастикалық повесть болсада, кей жері шындық. Адамдардың қанағатсыздығы,өз-өзіне зұлымдық жасауы, өздері ақиқатты талап етіп,ақиқатпен жүрмейтіндігі. Өзімізге керек емес ойлардан арылуымыз керек. Əр нəрсені жақсы жағынан көре білсек.
Адамды тығырыққа тірейтін ойлар. Енді қалыптасып, діни сауаты жоқ адамдарды атеизмге бет бұруына себепші болып кетер , кім біледі? Расымен, жындыханадағы жындыларға жынды деген атақты біз берген шығармыз, олар біз көрмеген нәрсені көргеннен соң солай болған шығар. Әлем тұнып тұрған сыр, кейбір сырлардың жабулы күйінде қалғаны , кей сәттерде жақсы болар.
Төлен Әбдіков ағамыздың бұған дейін "Оң қол" деген фантастикасын сүйсіне оқыдым,дәл сол сияқты осы туындыны құмарлана,бір демде оқып шықтым.Маған өмір жайлы айтылған шындықтар өте ұнайды,ал соны жеткізе алу автордың шеберлігі.Басты кейіпкердің өмірі арқылы біз байқамаған ақиқат пен шындықты тура жеткізді.Өмірге деген көзқарасым өзгерді.Рақмет сізге!
Ақиқат кітабына келер болсам, ондағы Роберттің ойына бас дәрігерінің жауабын берер едім, өмірге адамның қай жағынан қарағанына байланысты. Егер адам Роберт секілді адамның өткенін, жан-дүниесін сезетін болса, өзгелерді емес, өзін зерттегені абзал болар еді. Роберт тек адамдардың жасаған қателіктері мен жан қиналыстарын көруді таңдаған, түбі өзін өлтіруге әкелді, ал сол адамдарының қуанышты кездерін көргенде, көргісі келгенде...мүлдем басқа болар еді. Қорыта айтпағым, адамдағы жақсылық пен жамандықты көру-өте керемет қасиет. Бірақ ол бізге өзегелерден жамандықты өзімізден жақсылықты көру үшін емес, керісінше басқалардың жақысылығын, өзіміздің жаман әрекеттерімізді көріп өзгеруіміз, өзімізді түзетуіміз үшін. Роберт бәрін білемін деп ойлап, бірақ сол күйі ешнәрсені білмей өткені өкінішті...
Мен оқыған кітаптардың ішіндегі ерекшесі
Сен осы бір есікті аштың.
Бәріміздің бір кездері «Эх, шіркін өзгенің ойын оқи алсам ғой» деп қиял жетегіне берілгеніміз анық. Фантастикалық повестің бас кейіпкері Роберт сондай көріпкелдік қасиетке ие. Он жыл бойына полицейлер қылмыскерлерді ұстау үшін Роберттің көмегіне жүгініп, әбден титығын шығарады. Айналасындағылар оны әлемдегі ең бақытты жан санағанмен, өзі бұл қабілетін сорына балайды. Себебі ол өзіңе күліп қараған сырты бүтін адамның шын мәнінде іші түтін екенін бір мезетте біле алады.