Кейбір адамдар қатынастардың барлық түрлерін қатынас деп атайды, олар оны байланыс категория лары н қамтитын тек деп анықтайды. Бұндай категориялар саны жетеу /14/, жоғарыда келтірілген, ешқандай есімдікте орналаспаған және ешбір есімдік туралы айтпайтын /15/ "бұл не?", "ол қанша", "ол қандай?", "ол әрекет ететіндігін", анықтайтын нәрсе; "ол әрекетке ұшырайтындығын" анықтайтын нәрсе; оның жағдайы; оның әлденеге деген қатынасы. Басқалары қатынасқа белгілі бір форма алып енгізеді, оны қатынасты деп есептейді сөйтіп, категориялардың (санын) алтыға дейін жеткізеді. Бірақ жағдай оны форма арқылы қатынастырылған нәрсе ретінде анық анықтамайды, әйтсе де, ол әлденемен қатынасты болып қалуы да мүмкін. Мысалы, адам әлденемен қатынасты болуы мүмкін, сондай-ақ, сызық қатынасты болып шығуы мүмкін.
Бірақ "жағдай" категориясының құрамына өз мәнінде жағдай болып табылатын мен қатынасты жағдай болып табылатын нәрселер енеді. Мысалы, "қайда" дегеннің түрлері бар болатындығы сияқты, өз мәнінде "қайда" болып табылатын мен қатынасы бойынша "қайда" болып табылады. Оның үстіне, заттың қандай да бір жағдайы да болады. Жағдай зат үшін субстрактың кездейсоқ белгісі ретіндегі жағдайдай жағдай болып табылады. Ендеше, дәл сондай қатынасты да болады. Ендеше оны ақшаңқандықтың аққа қатыстылығы сынды салыстырып қарауға болады, өйткені ол әрбір субстратта бар акциденцияға тән нәрсе.
Осы жағдайда оны оған қатынастылық тән нәрсе ретінде (қарастыруға болады), бірақ оны ол жағдай деп қарастырмайды. Оның болмысының мәні тек қатынас арқылы толығатын болған күннің өзінде (93 б.). Жағдай, өйткені мекеннің нақты бөліктеріне сай дене бөліктері бар болғандағыдай - бұл тек қатынас болып табылады. Сонымен, осы жағдайдың болмысының мәнінің бір бөлігі қатынас түрлерінің біреуі болып шығады. Бұдан ол қатынас категориясына бағынышты болуы керектігі шықпайды. Ол "қанша" деген категорияға жататындардың көбі сияқты емес. Мейлі ол үзік болсын, мейлі ол үзік пен үздіксіз қатынас арқылы қатынастырылған болып шығады. Бірақ сызық арқылы қатынасты және бөлінбестей болып шықпайды.