bookmate game
kk
Free
Әбдіжәмил Нұрпейісов

Соңғы парыз

  • b3539014723цитирует2 года назад
    Сөзін асықпай зілденіп айтты да, маңқиып шалқалай қараған маңғаз қалпын бұзбай сауалына жауап тосып қалды; өзінің кісіге қарағаны да біртүрлі; бір көзі жұмылып кеткен; тек ана, бұған қараған жақтағы көзі құс ататын аңшының нысанадан сығалағанындай; аңшы болса, Құдай біледі, ұсынғаны мүлт кетпес еді; сұрақтан гөрі осы бір оқтай қадалған өткір жанар өңменінен өтіп бара жатқасын қипақтап көзін олай бір, бұлай бір алып қашты.
  • b3539014723цитирует2 года назад
    жолы Каспий мен Арал арасындағы елсіз түзде жалғыз келе жатқанда, ойда жоқ жерден өкпе тұстағы қоңыр жалдың
  • b2816051860цитирует2 года назад
    Әміржанның баласы болдың-ау?
    – Иә, далалық беті...
    – Е-е, енді түсінікті. Сонда сен қу бала Жақайым Әміржан ақсақалдың баласы болдың-ау, ә?
  • Мадина Тохтарбайцитирует2 года назад
    – Иә, саған а-алып шыққан гү-ү...

    – Есің дұрыс емес шығар...

    Төбеге ұрғандай тұрып қапсың. Қолыңдағы горшокке көзі түскенде өзің де шошып кеттің. Тәйірі, қазақ ұстаған гүлде күтім қайдан болсын. Құрт жеген жапырақтар шұрқ-шұрқ тесік. Шаңы да сүртілмепті. Бұл пәледен бір сыласын тауып тезірек құтылғысы кеп, шоферді іздеп еді. Ол көк соққыр анадай жерге ұзап кетіпті. Бәкизаттың қасында мықшыңдап шамаданын көтеріп барады екен. Сен енді ағыл-тегіл халық арасынан таныс біреу кездесіп қалатындай зәрең ұшты.

    Құдай оңдағанда Арал стансасының бет алдындағы алаңда бала бойындай бәкене тұғырға қондырған ұлы көсемнің бюсты тұратын. Қуанып кеттің. Жұрттың көзін ала бере жүгіріп бардың да, әлде бір кезде Аралдың қолы ұсынақты бір баласы ақ гипстен үйтіп-бүйтіп ұсқынын келтірген тақыр бас көсемнің бюстының дәл түбіне көк жапырақтары жалпылдаған кішкентай құмыра горшокты қоя салды. Сосын былай ұзай бере артына бұрылып қарап еді; көк жапырақтар жел астында жалп-жалп... Ал ұлы көсемнің тұла бойында құс саңғымаған сау-тамдық жоқ екен!
  • b7189383009цитирует2 года назад
    Түрегеле бергенде үстіндегі осы жолы астанадан киіп келген алды ашық халаттан жас әйелдің күн тимеген аппақ тәні жарқ етіп, жанарын арбап алған-ды
  • b7189383009цитирует2 года назад
    Қызық жігіт: жолға шығайын деп отырып та арақты дастарқан басындағы кісілердің бәрінен көп ішеді.
  • b7189383009цитирует2 года назад
    Ағаш атаулылар әлдеқашан бояуы оңып, сыры кетіп, қиюы қашқан
  • b7189383009цитирует2 года назад
    Әлі күнге біреу болмаса біреу бұған "боқмұрын қара" деп кемсітетіндей өз-өзінен қуыстанып тұрғаны
  • b2844214337цитирует2 года назад
    Баруын барса да, бірақ әлгі алып ұшқан құс қанат көңіл аялдамада да аялдауға шамасын келтірмей, жүгіріп ала жөнелген еді ғой! Неге асықты? Қайда асықты? Кімге асықты? Білген жоқ.
  • b2844214337цитирует2 года назад
    Қолына ойыншық түскен сотқар баладай, біз осы дүниенің басы-көзіне қарамай, тек қиратып, тек сындырып, тек бүлдіргеннен басқа не бітірдік? Ал мына пақырлар... Айналайындар-ай, өздері өмірге қандай құштар! Құп-құртақандай болып алып осы пақырлардың жылда-жылда дүние қапылып бара жатса да, өздерінің болымсыз тірлігіндегі дағдылы әбігерінен жаңылмайтынын қайтерсің!..
fb2epub
Перетащите файлы сюда, не более 5 за один раз