Егер барлық қоғамдар жүзжылдық бойы бір ғана әлеуметтік-саяси ұйымның пішіміне келетін, мысалы либералды демократияға, немесе дамитын болса, егер либералды демократияға өмірлік қабілетті баламалар көрінбесе, егер либералды-демократиялық мемлекеттерде өмір сүретін адамдар өздерінің өмірлеріне түбегейлі риза еместік білдірмесе, онда сұхбат соңғы және белгілі бір қорытындыға келді деуге болады. Тарих философына либералды демократияның үстемділігі мен оның соңғылығына үмітін мойындауға тиіс болады. Әлемдік тарих - шындықтың ақырғы төрешісі14.