bookmate game
kk
Free
Мұхтар Әуезов

Татьянаның қырдағы әні

29 бумажных страниц
Уже прочитали? Что скажете?
👍👎

Впечатления

  • b4672421110делится впечатлением3 года назад
    👍Worth reading

Цитаты

  • b4672421110цитирует3 года назад
    Ғашықтың тілі, тілсіз тіл, Көзбен көр де, ішпен біл ...
  • Динара Каржаубаевацитирует7 лет назад
    ТАТЬЯНАНЫҢ ҚЫРДАҒЫ ӘНІ

    (әңгіме)

    ("Абай" романының "Ақын үніне сахара мүлгіді" деген бөлімінен бір үзінді)

    Таңертеңгі шайдан соң үй іші де, қонақ атаулы да тысқа шығып кетті. Қыстың осындай бір ашық күнінде Абай өзінің үлкен үйінде оңаша отырып қап еді.

    Алдында үлкен дөңгелек үстел тұр. Оң жағында, Абайдың қайда отырса қасынан үзілмейтін көршісі — үлкен жастық жатыр.

    Абай біресе аласа үстелге шынтақтап, біресе үлкен алақанымен мықынын таянып, үнсіз отыр. Ойда отыр.

    Ішінде ой шырағы жанғандай боп, салмақпен қараған көздері анда-санда қарсыдағы терезеге қадалады. Күн түсіп тұрған қарлы адырға ұзақ-ұзақ қарай түседі.

    Өзінше бір мығым күшпен, ұғымсыз бір мұңмен жұмырлана бүгілген төбе-төбелер.

    Биылғы қыс Абайдың ел сөзінен, тынышсыз жүрістерден босаңқырап, үйде көбірек орнығып отырған қысы еді. Көп өлең жазылған жылдың бірі де осы болатын. Сондай сүйген еңбегіне беріліп, өзі мен өзі ғана боп, толғана ойланған уақыттарында көз алдына көптен көп оралатын осы адырлар. Бұлар күн ырайына қарай әр түрлі сөйлейді. Мұңлы көңіл осы мұңлы адырмен ертеңді-кеш көп сырласқандай болушы еді. Бұлтты, сұрғылт күні ол адыр күн шуағын сағына мұңданады. Ашық күні жылы жарқын жазын сағынатындай болады. Жеткізбес арман жеңсігі жеңген адыр. Қанағат қылған күні жоқ мықты адырлар.

    Сол адырдың қазір бір жадыраңқы қабағын көргендей болды. Қойдың алды солай қарап өріп барады екен. Сарылып, сазарған адыр енді тас басында жүріп шырқаған қойшы әнімен сергитін сияқты.

    Абайдың осындай боп үндемей ойланып қалған кездерін қабағынан танитын жігіт бар. Ол — мұндай шақтарда үндемей, көп қозғалмай отыратын Қарасақау. Қазір де тіпті қарап отырмас үшін ол Абайдың тобылғы сапты сарбас қамшысына бүлдіргі тағып отыр. Анда-санда Абайға қарай түсіп, өз жұмысын істейді.

    Бір кезде жұмыс арасында көз тастап еді, Абайдың ерні күбірлеп, қолы да әлдекіммен сөйлескендей қозғалақтаған сияқтанды. Бұрын мұндай машығы болмаушы еді. Биылғы қыс жалғыз отырған шақтарында анда-санда осылай ететін бір әдет пайда болды. Қарасақау біледі. Осындай күйдің артында Абай көбінесе қағаз, қарындаш алғызады.

    Сондай бірнәрсені бұйырар деп күтіп отырғанда Абай бұған шұғыл бұрылып, жалт етіп салқын қарады да, үйдің сол жақ бұрышына қарай сол қолын көтеріп, үн қатпастан бір нәрсені әкел дегендей белгі етті.

    Қарасақау нені керек қылғанын түсінді де, шапшаң тұрып барып, үстелдің үстіне көнелеу боп қалған екі үлкен кітапты әкеп қойды.

    Абай бір кітаптың бетін ашып, өзіне керек жерін тапты да, оқымай, сол беттерге қарап шалқиыңқырап, біраз бөгеліп отырып қалды. Көзі бұл беттерден ана жатқан екінші кітапқа да түсе береді.

    Бұл екі кітап, бұл ауылдың, бұл өлкенің Абайдан басқа барлық жанына тілі де, мазмұны да ұғымсыз кітаптар. Бір Абайдың ғана көңіліне әрі ұғымды, әрі құрметті боп алған
  • Нусратулло Тиллахожаевцитирует8 лет назад

    Бұл екі кітап, бұл ауылдың, бұл өлкенің Абайдан басқа барлық жанына тілі де, мазмұны да ұғымсыз кітаптар. Бір Абайдың ғана көңіліне әрі ұғымды, әрі құрметті боп алған алыс дүние, алыс заманның екі ақынының кітаптары. Ол жатқан — Пушкин мен Лермонтов.
    Екеуі де мұның ата-бабасы кешкен өмір соқпағынан мүлде басқаша боп өткен жандар. Бұлар жүрген орындардан да әлдеқайда алыста өткен. Қазақша есеп қып айтса, олар да баяғының адамы.
    Бірақ сол қалпында, осы қыстың ішінде бұл екеуі Абайға біртүрлі жақын сияқтанып, жылы ұшырағандай болды. Бөтен дүниеден бөтен тілмен кеп бұған сырларын ашқан, мұңдарын шаққан егіздер сияқты болады.
    — Сен де біздей саналы мұңдысың! — дегендей болады.
    Осылармен танысып, табысқалы Құран да, Аллаяр да, тіпті Науаилар да сыртта қалды. Кейбір намазқой, діндар кәрілер, иә шала сопы молдалар Абай үйіне қонып отырып, Абай бос кітаптарды күндегі машығы бойынша қасына алғызғанда, іштерінен ырза боп:
    — Шариғат жайын оқып отырады екен-ау бұл кісі деп, кейде біріне бірі:
    — Әлде аруақтарға құран қатым қып жатыр ма екен? Молдаға аудартпай өзі оқиды. Оның сауабы мол ғой? — десетін. Бірақ, кітап теріс жағынан ашылып, суретті беттері көрінгенде, жаңа әр қарпы ереуілдеп тұратын араб жазуынан басқарақ, біркелкі боп жылып аққан орыс жазуын көргенде, әлгі адамдар іштерінен

На полках

fb2epub
Перетащите файлы сюда, не более 5 за один раз