Егер біз ақыл-ойымызды пайда әкеледі ғой деп, оны қабілетіне орай пайдалансақ, онда өзіміздің жеткілікті күш-қуатымыздың кемтарлығына шағынатын себептер болмас еді; егер де біз ақыл-ойдың жетер шебінен тыс заттар бар деп танымдық қабілеттердің артықшылығын бағаламасақ және олардың мақсатқа лайықты жетістіктерін ескермесек, онымыз кешірімсіз. әрі балалық еркелікке ұқсамақ. Күн сәулесі жетіспейді деп, шамшырақ жарығында жұмыс істегісі келмейтін жалқауды, асау қызметшіні кешіруге болмайды. Біздің ықыласымызда жалындаған жарық барлық мақсатымызға бірдей нұрын төгеді.