kk
Free
Сәкен Сейфуллин

Бандыны қуған Хамит

17 бумажных страниц
Дата публикации оригинала
2012
Уже прочитали? Что скажете?
👍👎

Впечатления

  • Dias Narazimделится впечатлением5 лет назад
    👍Worth reading

    Окындар

  • b7632362555делится впечатлением7 лет назад

    Супер

  • b8677330339делится впечатлением2 года назад
    🚀Unputdownable

    Круто

Цитаты

  • Алиби Казкенцитирует8 лет назад
    I
    1921 жылдың күзі еді.Хамит қызмет қылып жүрген оязда бандылар шыға бастады. Бір жерде екі кісі, бір жерде үш кісіден құралып, винтовка,алтыатар, қылыш, бомба асынған бандылар, күшігін алдырған қасқырша кезіп, елдің тағы да үрейін ала бастады. 1919 жылғы Колчак әскері мен қызылдың әскері қаптап ерсілі-қарсылы шабуылдасып, қашқылықты-қуғылықты әскердің шалығы тиген ел соғыс дүрбелеңі басылған соң, "уһ!" деп дем алғандай болып еді. Енді 1921 жылдың күзіне "банды" деген бәле шыға бастаған соң, момын шаруа тағы да тыныш ұйықтай алмауға айналды.Бандылар бүгін бір жерде көрінсе, ертең барып күндік жерден шығады. Таңертең, я түнде бір ауылға жердің астынан шыға келгендей жетіп, құтырған қасқыр тигендей, қатын-баласын шу еткізе түседі. Мылтық атып ауылдың иманын үйіреді. Момын жұртты малынан, жанынан түңілтеді. Жақсы ат, жақсы киімдерін қолша алып кетеді. "Тығулы мылтықтарың бар, оқтарың бар,тез тауып бер" деп қолына түскен еркекті қып-қызыл ала қылып тепкілеп, мылтық дүмдерімен мыжғылайды. Қатын-баланы да сабайды, жәбірлейді. Үйді талқандайды. Елде жүрген милиционерді андып, ұстап, қарсылық қылғандарын өлтіріп, мылтықтарын алып, өлікті мыжғылап, боршалап кетеді.
    Елдегі бірен-саран коммунистерді өлтіріп, отап, бөлшектеп кетеді. Кей елде болаткомның төрағаларында өлтіріп кетеді. Кей елде атқа таласқан, дүниеге таласқан адамдарды атып кетеді.Жалғыз қазақ арасында ғана солай емес, орыс поселкаларының да коммунистері қолдарына түссе, әлгідей қылып кетеді. Өздері көп ұстатпайды. Көбінесе орман ішінде жүреді. Дәйекті мекендері жоқ. Тұрақсыз жел тәрізді. Құтырған құйын тәрізді.Қазір мұнда болса, енді біраздан соң жоқ болады, тағы да бір жерді барып шулатады. Бірақ жұрттың бәріне бірдей тие бермейді. Жалпы елге, әсіресе орыс поселкаларының халқына талдап тиеді. Совет өкіметіне салық ретінен наразы болып жүрген кейбір бәйшікеш мұжықтармен астыртын сездес болып, байланыс жасап жүргендері де сезіледі. Және кейбір қазақ байларымен де астыртын жақындасып жүргендері байқалады.
  • Санжар Жумаханцитирует2 года назад
    Лесниктің үстінде қара шинелі бар, басында құлақшын,құлақшынның бауын байлаған, аяғында қалың ұлтанды қара етік.Сақал-мұртын қырған, жасы отыздың ішінде шамалы қара торы жігіт, еңгезердей, ұзын бойлы, жауырынды, қолында шыбыртқы қамшысы бар, көк аттың үстінде тіп-тік қаққан қазықша отырып келеді.Аты жарау, әлекедей жаландайды. Дүрсілдетіп, жерге тұяқтарын қадай басып, желе аяндайды. Лесник қазақ жігіттерінше анда-санда қамшымен көк атты сипай қамшылап қояды.
  • Санжар Жумаханцитирует2 года назад
    Бірақ өйтпесе бола ма? Жылаған шешесімен бірге жыласа, жігіттің жігіт болғаны қайсы, өйтсе, кісі уәдеден шыға ала ма? Жылаған шешемен бірге жылап, жігіт үйден ұзақ уақытқа алыс жерге кетсе, баласының жылағанын көрген соң, үйде қалған ананың көзінен жас кете ме, көкірегінен сағыныш, қасірет кете ме! - деді.

На полках

fb2epub
Перетащите файлы сюда, не более 5 за один раз