VI. БІР МҰҒАЛІМ КӨП КЛАСТЫ ОҚЫТУ ЖОЛДАРЫ
Комплекс жүйесімен оқытуда екі-үш класта сабақты қалай береміз? Бір класпен алданып жатқанда өзге класс бос қалмай ма деген сұрақ туады. Бұл мәселе жалаң комплекс жүйесінде емес, пән жүйесінде де мұғалімнің аяғын әнтек-тәнтек бастыратын, арсалаңдататын, дағдартатын мәселе болатын. Әсіресе, шалағай мұғалімдерді. Сондықтан бұл жөнінен азырақ айта кету керек.
Мейлі қай жүйемен оқытсын, бір мұғалім бірнеше класты оқытудың жолдары соңғы болады:
1. Өзге кластарда өздігінен істерлік жұмыс