Егер құдай тағаланың рақымы түсіп, осы сапар бір қасық қанымды қиса, шыбын жанды кеудеде қалдырса, егер қара жерге аяғымның ұшы тиер заман болса, ешқайда бас бұрмай, тез үйге қайтуға, өлмей тұрып кемеге мінбеуге, әкемнің айтқан ақылынан шықпауға және енді қайтып мұндай бәлеге душар болмауға ант еттім.