Әй, балам-ау, олар ондай сөзді көсемге жеткізбейді, дәлірек айтсақ, жеткізе алмайды. Қайта менің желкемді жетемнен үзеді. Себебі, шындықты айту да, есту де қашанда ауыр!.. Ал көсем мен оның маңайындағыларға жалған сөйлеп, өтірік мақтасаң ғана жағасың. Бірақ, өтіріктің құйрығы бір-ақ тұтам ғой, ұзаққа бара алмайсың. Уақытша жолың болуы мүмкін, мәңгілік көсегең көгере қоймайды. Осыны есіңде ұста, балам.