bookmate game
kk
Free
Думан Рамазан

Көш

  • b5422884188цитирует3 года назад
    Ақиқатты тану – өте қиын, ал оны айта білу – одан да қиын
  • Balzhan Zhunissovaцитирует4 года назад
    Олардың түпкі ойы – осындайда көсемнің көзіне түсіп, төбелерін көрсетіп қалу. Сөйтіп, биліктің басқышына қол артып, қазанның бір тұтқасын ұстау.
  • Balzhan Zhunissovaцитирует4 года назад
    Әй, балам-ау, олар ондай сөзді көсемге жеткізбейді, дәлірек айтсақ, жеткізе алмайды. Қайта менің желкемді жетемнен үзеді. Себебі, шындықты айту да, есту де қашанда ауыр!.. Ал көсем мен оның маңайындағыларға жалған сөйлеп, өтірік мақтасаң ғана жағасың. Бірақ, өтіріктің құйрығы бір-ақ тұтам ғой, ұзаққа бара алмайсың. Уақытша жолың болуы мүмкін, мәңгілік көсегең көгере қоймайды. Осыны есіңде ұста, балам.
  • Balzhan Zhunissovaцитирует4 года назад
    ұлпырған жасыл дала, жайқалған мәуелі жеміс ағашы... Тойынып, бойларыңа шыр бітеді. Саумал бұлағы – зәмзәм суы сияқты, ішкенде көздерің шырадай жанып, беттеріңе қызыл жүгіреді. Ұшқан құс, жүгірген аңның неше түрі бар. Несін айтасыздар, байлыққа белшеден батамыз, бақыттың бал дәмін татамыз!.. Ар жағында Жұмақ -Жай да тиіп тұр! Көп кешікпей оған да жетеміз! Ендеше, уа халайық, еңселеріңді түсірмеңдер, кеуделеріңді тіктеңдер!..
  • Balzhan Zhunissovaцитирует4 года назад
    Баланың онымен шаруасы болған жоқ. Ой теңізіне сүңгіп кеткен. Анда-санда көз қиығымен қотыр есек мініп келе жатқан Нағыз ақынға мүсіркей, ауыздығымен алысқан сәйгүлікте шіреніп отырған Дәлдүріш ақынға қызыға қарап қояды:«Өскенде мен де сарай ақыны боламын. Жақсы ат мініп, зерлі шапан жамылып, құндыз бөрік кием! – дейді іштей күбірлеп, – Есек мініп, тепеңдеу ақымақтарға ғана жарасады. Менің ақымақ болғым келмейді
  • Balzhan Zhunissovaцитирует4 года назад
    Анда-санда көз қиығымен қотыр есек мініп келе жатқан Нағыз ақынға мүсіркей, ауыздығымен алысқан сәйгүлікте шіреніп отырған Дәлдүріш ақынға қызыға қарап қояды:«Өскенде мен де сарай ақыны боламын. Жақсы ат мініп, зерлі шапан жамылып, құндыз бөрік кием! – дейді іштей күбірлеп, – Есек мініп, тепеңдеу ақымақтарға ғана жарасады. Менің ақымақ болғым келмейді!
  • Balzhan Zhunissovaцитирует4 года назад
    Ата, бұл өзі бір ақылды адам болды ғой! Ақымағың анау ғой! – деді есек мінген ақынға көзінің астымен сүзе қарап, – Шындықты айтудың өзіне жақсылық әкелмейтінін біле тұра, көсемсіп несі бар, байқұстың! Нағыз ақымағың сол ма деймін
  • Balzhan Zhunissovaцитирует4 года назад
    – Басында шымшымдай ми жоқ. Ұятсыздығымен ұрты майланған дарақы біреу. Өтірікті суша сапырады. Жағымпаздығымен аты шығып, суайттығымен есімі елге жайылған сарай ақыны. Көсем мен оның маңайындағылар осындай ақымақтарды жақсы көреді. Үнемі қолдап, қолпаштап отырады. Үлде мен бүлдеге бөлеп, атақ-даңқты бір бастарына жетерліктей үйіп – төгіп, кеуделерін темір – терсекке толтырып қояды.
  • Balzhan Zhunissovaцитирует4 года назад
    Өйткені, шындықты айтсаң, кім-кімге болсын, ұнамай қалуың мүмкін. Жеккөрінішті боласың!
fb2epub
Перетащите файлы сюда, не более 5 за один раз