- Даңқың қайда төске өрлеген?
Екі жүз мың әскерменен
Алты ай бойы кіп-кішкентай Отырарды ала алмау,
Алты ай бойы Отырардың осал тұсын таба алмау -
Ойы — дауыл, сезімі — аспан,
Тек жеңіспен көзін ашқан
Менің алғыр ұрпағымның сүйегіне зор таңба,
Намысыма сызат түсті мына сенің арқаңда, -
деп Шыңғыс хан Шағатайға оқты көзін қадады.
- Осы өкініш мені де өртеп барады.
Отырардың бақытына орнаған болар, бәлкім,