Сымның келесі ұшынан үзіліп әзер естілген үн бүй деді.
– Келе ғой.
Қанаты болса – құс болып ұшар ма еді; сәйгүлік болса – көшеге тұяқ дүбірі толар ма еді; такси жалдаса – қырсық жүргізуші қымбат сұрап жүріп болмас деп, Бас редактордың қызмет көлігі – сүйріктей әппақ «Тойотасын» сұрап мініп, қаланың күнбатыс шетіне аққан жұлдыз болып сорғыды. Шахеризат түскен пәтерді лезде тауып алды. Есік қоңырауын басты.