bookmate game
kk
Free
Сәбит Мұқанов

Аққан жұлдыз. ІІ

615 бумажных страниц
Уже прочитали? Что скажете?
👍👎

Впечатления

  • Кожабике Дуйсембаеваделится впечатлением5 лет назад
    👍Worth reading
    🎯Worthwhile

    Абылай ханның немересі Шоқан Уәлиханов жайлы теңдесі жоқ кітап. Егер тарихқа сусындағыңыз келсе осы кітапты оқыңыз

  • Jalgyztauделится впечатлением5 лет назад
    👍Worth reading

    Өте әсерлі Сол кездегі жұрттың тағдыры, іс әрекеттері қайғы мен қуаныш, өлім мен өмір, Шоқанның ақылдылығы, тәкаппарлығы, Нарғыздың намысы деген сияқты кейіпкерлердің ұстанымы, моральдық және мінез жағынан автор баяндаған бір тарих.

  • b0255557559делится впечатлением2 года назад

    Супер. Әдемі

Цитаты

  • Muhammad Mannapovцитирует7 лет назад
    АҚҚАН ЖҰЛДЫЗ

    Екінші кітап

    РОМАН

    БІРІНШІ БӨЛІМ

    Мен қазір жергілікті сұлтандармен және қарасүйек қазақтан шыққан байлармен аразбын. Олар өздерінің құлдарын («жалшыларын» деген мағынада С. М.) өте жаман халде ұстайды, құлдар олардан қалай құтылудың жөнін білмей, қорлығына көне береді. Мен қожаларға «жалшыларыңды жақсы ұстаңдар, еңбектерін дұрыс төлеңдер» дегенді талай рет талап еттім, «орындамасаңдар заңға айтам» деп қорқыттым. Ал, далалық пролетариатпен ете доспын, өйткені олар мен біз бір-бірімізді жақсы түсінеміз. (Апполон Майковқа 6. XII. 1862 жылы жазған хатынан).

    СӘТТІ САПАР

    «ТАҒДЫР ТОРЫНДА»

    Кадет корпусындағы оқуын өте жақсы бағамен аяқтаған Шоқанды Батыс Сібірдің генерал-губернаторы Гасфорт өзіне адьютант қып алуға ұйғарғанын осы шығарманың бірінші кітабын аяқтағанда айтқанбыз.

    Гасфорттың ондай ұйғарындыға келуіне бірнеше себеп болды:

    Б і р і н ш і – Омбыға қызметке келгелі байқауынша, бұл жеткіншек азият, осы қаладағы «жоғарғы қауым» аталатын топқа түгелімен араласып, олардың сүйкімдісі саналып алған, әсіресе бикештерге, олардың ішінде өз бәйбішесі Елизавета Николаевнаға. Ол Шоқанмен танысқан күннен бастап, еріне «не деген тамаша жігіт еді?!» деп таңданып жүрді де, «оқуы аяқталады» деген шақта, еріне оны адъютант қып қабылдауды ұсынды. Сондағы ойы: хан тұқымы, сымбатты сұлу жас жігіт, білімі де, мәдениеті де жоғары... Осындай экзотика ерінің ғана емес, өзінің де маңында болып, құрмет көрсетсе, Омбыдағы бірінші дама болып есептелетін Елизаветаға бұдан артық сән бола ма?!.. Әйелінің, бұл ойын айтпаса да қас-қабағынан, үн ырғағынан сезген Гасфорт бірден «мақұл» деді.

    Е к і н ш і – Омбыға келіп қазақ дуандарының хал-жайымен танысқаннан кейін Гасфорттың жасаған қорытындысы: аты «Россияға бағынды» демесең, орыс заңы бұл елдің арасына әлі кірген жоқ, бұнда әлі де тозығы жетпеген ескі әдет-ғұрып белең алуда. Отарланған елді бұндай халге қалдыруға болмайды, орыс заңы оның да арасында орнауға тиіс. Сонда, ол заңды жүргізетін кім? Гасфорт танысып үлгірген «сұлтандар», «билер» аталатындардың, ішінде өзіне ондай жәрдемші көрінбейді. «Қайдан табу керек?» деп іздестірген Гасфорттың көзіне Шоқан шалына кетті. «Егер тәрбиесін келістірсе, – деп ойлады ол,– бұл жігіт бұл мәселеде жақсы жәрдемші бола алады».

    Ү ш і н ш і – арғы тегі неміс барондарынан тарайтын Гасфорт үнемі өсу жолында келе жатқан адам. 1812 жылдың. Отан соғысы басталған кезде Москвадағы атты әскер училищесінде оқып жүрген ол майданға алынды да, француздар жеңіліп, Париж алынғаннан кейін, Россияға көп ордендермен және подполковник даражасымен оралды. Содан кейін Қырымдағы әскери қосынға полкты басқару қызметіне барған ол, 1830 жылғы орыс-түрік соғысында тағы да көзге түсіп, генерал-майорлық даражаға жетті. Соғыс біте бірінші Николай оны Севастопольдағы атты әскер дивизиясына командир ғып жіберді.

    Т ө р т і н ш і – қазақ даласы мен Орта Азияны отарлауды бірінші Петр заманынан ойланған Россия патшалығы, бірінші Николай тұсында қазақ, жерінің көпшілігін меңгерген де, Орта Азияға күнгей жағынан таянып келе жатқан Британия империясынан бұрынырақ қамтып қалу жабдығын жедел қолға алуға бекінген. Ондай шабуылды жүргізу үшін, ең алдымен, Орта Азиядағы халықтардың жер-суын, күш-қуатын, салт-санасын, әдет-ғұрпын біліп алу керек. Бұл іске кімнің лайықты екендігі туралы мемлекеттік советте сөз болғанда, Гасфорттың кандидатурасы өзгелерден лайықты көрінді, себебі – Балтық теңізінің қолтығындағы, Қырым мен Кавказдағы елдердің хал-жайын түсінуде Гасфорттың Россия мемлекетіне тигізген көп пайдасы бар. Батыс Сібірге сол мақсатпен жіберілген Гасфорт, бұл ауыр жүкті кімге артуды ойланғанда, өзі білетіндерден ең лайықтысы Шоқан сияқты. Себебі: мәжілісте бірге болған шақтарында байқаса, Шоқан сонау Византияның, орта ғасырдағы арабтың, кейінгі ғасырлардағы француз бен неміс. саяхатшыларының Орта Азия туралы ілгерілі-кейінді жазғандарын түгел оқығанын және ол шығармаларға сын көзімен қарайтындығын аңғарады. Ендеше, сол зерттеулерді Россия көзімен тереңдете түсу ісіне Шоқанды да неге қоспасқа?..

    Б е с і н ш і – мәселеге толығырақ тоқтайық. Кейінгі даражасы генерал-лейтенант болғанмен, Батыс Сібірдің генерал-губернаторы болып барғанға дейін Гасфорт өзін «біріншіден соңғымын» деп түсінетін еді. Сібірге аттанар алдында оны патша сарайының министрі, генерал-аудитор граф Блудов шақырып ап әңгімелесті. Блудов пен Гасфорт көптен таныс еді. Алғаш олар 1812 жылы басталатын Отан Соғысында танысқан. Сол кезде армияны басқаратын Блудов әлде небір досының таныстыруымен Гасфортты өзіне адьютант қып алған. Ісімен де, қылығымен де жаққан Гасфортты патша сарайына жақын Блудов үнемі көтермелеуге себеп боп, ақысы оны Батыс Сібірге генерал-губернатор ғып жіберуді де бірінші Николайға сол ұсынған. Гасфорт Омбыға аттанарда Николай сапарда жүрді де, оның атынан Гасфортқа өзі сөйлесіп:

    – Өзіңді енді «наместникпін»1деп ұғын да, жалтақсыз батыл қимылда, – деді.

    Бұл қызметте ұзақ тұратындығын ескерте келіп, қажетті жәрдемді аямайтындығын айтты.

    Енді өзін «біріншімін» деп түсінген Гасфорт Омбыға бара, резиденциясын2дұрыстауды жедел қолға алды. Оған дейінгі Батыс Сібірдің генерал-губернаторлығы орналасқан кеңсе және тұрақ жай қарағайдан қиылған екі қатарлы екі үй болатын. Жел үрлеп, жауын шайып... дегендей, бөренелері қарауыта қоңырланып кеткен де, іргесі, бұрыштары, төбесіне жапқан қаңылтыры шіри бастаған.

    Оның іштей бақкүндес адамы князь Воронцов болатын. Оның Гасфорт екі жақтан күндейтін: бірі – ордендер өзінде де көп болғанмен, Воронцовтікі әлдеқайда мол; екіншісі – Воронцовтың әр жерде, әсіресе Қырымда өзіндік салтанатты сарайлары бар, Гасфортта ондайлар жоқ. Бұл жағынан Воронцовқа жетуі мүмкін емес. Сондықтан Гасфорт Омбыда салдыратын резиденциясын сыртқы тұрпат жағынан Романовтардың Петербургтағы «Қысқы сарай» аталатын ордасына ұқсатуды мақсат етті. Ондай сарай Воронцовта жоқ. Әрине, Омбыда көлемі ондай кең, архитектурасы ондай сұлу үй салуға қаражат та, материал да жетпейді; ендеше, қысқы сарайды «түйе» десең Омбыға оған ұқсас «бота» сияқты үй тұрғызуға ғана шама келеді.

    Бұл ойын іске асыру үшін Гасфорт Омбыға арнаулы кісі жіберіп, қысқы сарайдың кішірейген бейнесін жасатып алды. Содан кейін сол ойын Блудовқа жолдап, қажетті мөлшерде қаражат және шеберлер алды.

    Гасфорттың қатынасуымен жасалған резиденция үйі төмендегідей болмақ: Кадет корпусының шығыс жағындағы орманмен қоршалған алаңға орнамақ, батыс жағында бірер орамды түгел қамтыған Кадет корпусының үйі, ол Петербордағы генералдық штабқа ұқсайды; резиденция мен корпус арасында кең алаң, соның төңірегін Петербордағы «сарай алаңы» аталатын аумақ сияқты түрге келтіру керек те, атын «сарай алаңы» деп атауы жөн, аржағында – Ертіс, ол – Нева сияқты; сонда, жетпейтіні – адмиралтейство. Омбыда ондай үй салуға дәлел жоқ. Сонда да Гасфорттың көңілін көншітетін нәрсе – Омбы алаңындағы орманнан, адмиралтействоны қоршап тұрған бақшадай көрініс жасауға болады. «Мүмкін, – деп қиялданады Гасфорт, – Ертістегі кемелік пристань өркендей келе, түбінде оның жағасына да сондай үй және соған деңгейлес көпірлер салынуы мүмкін!».

    Сыртқы салтанат қабырғасына, қысқы сарайдікі сияқты колонналар жапсырылмақ. Олар ақпен, өзге қабырғалар жасылмен боялмақ. Сонда, сыртқы көрінісі қысқы сарай болады да шығады.

    Үйдің аумағы жарты орамды қамтиды; этажы екеу, бөлмелерінің еңсесі биік, терезелері үлкен; төменгі этаж – кеңсе, жоғарғысы – тұрақ.

    Бұл үй Шоқан Кадет корпусын аяқтар күзінде бітеді.

    Штат бойынша, генерал-губернаторда төрт адьютант болуға тиісті: соғыстық істерден, азаматтық істерден, отарлық істерден, жеке басының және үй ішінің қызметтерінен. Гасфорттың ойы – Шоқанды отарлық істер жайынан жәрдемш
  • Назерке Избасарцитирует2 года назад
    – Туған баланың аты – туған екен ғой,– деп таңданысты жұрт. – Кәзіргі күйінде Ақпанға кім жолағандай. Сол қалпынан мына қызы жиренбей, күркесінің де, өзінің де, адам маңайлай алмайтын ласын тазалап, бәрін де жұнттай ғып қойды.
  • Назерке Избасарцитирует2 года назад
    «Ат арыса – тулақ, ер арыса – аруақ»

На полках

fb2epub
Перетащите файлы сюда, не более 5 за один раз