Қайран, қазағым-ай, қолың кең, ырысың мол, жерің жаннат-ау. Әттең бір жұт дауылы соғып кетсе, қиралаңдап қалатын Су Құсайын секілдісің-ау. Өлгенің өліп, қалғаның қалып, аузың аққа тисе, кешегіңді бүгін ұмытып кетер не деген жайбарақат халықсың. Жатып ішіп, жалқау жылжуға үйренген, төтеден келер қияметқайым, қысастық пен қиянат болса, құдайдың жазуы деп, көнбістікке төселген не деген терісі кең салғырт жұртпыз"...