bookmate game
kk
Free
Оралхан Бокей

Атау-Кере

  • b8645211927цитирует8 лет назад
    Ара бағу — қолы білген адамға әуресі жоқ таза жұмыс: өздері жайылады, өздері еңбектенеді, өзін ғана емес өзгені де асырайды, тек уағында тексеріп, дер кезінде балын жинап, ауру-сырқаудан сақтасаң, шаш-етектен байлыққа батырар берекелі шаруа.
  • b0007955115цитирует3 года назад
    албасты ажалымызға қарай асығып бара жатқан шығармыз; бәлкім, осына бейбіт ғұмырдың бейкүнә адамдарының обалына қаларымызды ойламайтын шығармыз; бәлкім, адамдар да азамат соғысының аттарындай арбада ажал бүркіп, пулемет сүйреп келе жатқанын сезбей, мақсатты жорықтың жол ортасында қанға бөгіп, ұрпақсыз-ұрансыз қалар...
  • Бұлбұл Айдынқызыцитирует5 лет назад
    Көптен кеткен көмусіз қалар.
  • b3815475355цитирует3 года назад
    Иә, Таған екінші рет жазған ғылыми жұмысына «Алтайды мекендеген ұлттардың тарихын» тақырып етіп алғанына және өкінген. Өкініші сол — мұны «ұлтшылсың» деген жалғыз сөзбен басқа ұрып, қызыл табан қылып қаңғыртып жіберген. Таған болса... «мен ұлтшыл емеспін, ұлтжандымын, екі ұғымның арасы жер мен көктей» деп, шырылдап бармаған жері, ашпаған есігі жоқ. Бір күні КГБ-ның жігіттері шақырып алып, қысып-қысып жіберген соң ғана, байырқалап, аш құлақтан тыныш құлақ, басы ауған жаққа безіп еді... Өлердей ішіп еді... таз кепешін қайта киіп еді.
  • Бум Бумцитирует4 года назад
    Үн-түнсіз, айдағаныма жүріп, айтқаныма көнетін жуастық әйелдің қадірін кетіретін, қасиетін жоятын!
  • b7016814060цитирует4 года назад
    Ел азарда ер-азаматы — атақ қуғыш тақ құмар, қыз-келіншегі дүние қуғыш бақ құмар келеді.
  • Zhanar Kaiyrцитирует4 года назад
    миымыз жұмыс істейді, біліміміз мұхиттай, бірақ бүкіл ағзамыз қимылсыз, қозғалыссыз, тұйық су секілді борсып, бірте-бірте өле бастамағанына кім кепіл.
  • Камми Беріккызыцитирует4 года назад
    «сөйлемейін десем — сөзім өледі, сөйлейін десем — өзім өлемін»
  • danialdiana600цитирует4 года назад
    Араның адамнан айырмасы болсайшы, — деді осы көріністі мұқият мұғдарлап отырған кемпір. — Жиған байлығың да бал секілді. Күндердің күні малтығып өлесің.
  • Zhanel Aisynovaцитирует4 года назад
    Тау мылқау деп кім айтты, жүрегі, тілі бар, тек естір құлақ керек; ал, құлағы мен көзі барлардың да естімейтіні, көрмейтіні толып жатыр. Дүниені алатайдай бүлдіретін де сола
fb2epub
Перетащите файлы сюда, не более 5 за один раз