bookmate game
kk
Мұхтар Әуезов

Абай жолы. 2 кітап

Сообщить о появлении
Загрузите файл EPUB или FB2 на Букмейт — и начинайте читать книгу бесплатно. Как загрузить книгу?
  • b5385367975цитирует2 года назад
    Өзiңнiң осынша, балаша қатты әбiгерге түскенiң не? Соның маған мәнiн айт! – дедi. Бұйыра сөйледi.
  • Zhanerkeцитирует4 года назад
    Жарқ етпес қара көңілім не қылса да,

    Аспанда ай менен күн шағылса да,

    Дүниеде, сірә, сендей маған жар жоқ,

    Саған жар менен артық табылса да!–
  • Zhanerkeцитирует4 года назад
    Қызыл балақ, қыранның

    Балапанын дерт алды.

    Жеміс ағаш бәйтерек

    Балдырғанын өрт алды.

    Артына белгі тастамай,

    Жал құйрығын келте алды.

    Ағайынды тойғызбай,

    Аз күн қоймай, ерте алды.

    Көп жасамай, көк орған,

    Жарасы үлкен жас өлім!

    Күн шалған жерді тез орған,

    Күншіл дүние қас өлім.

    Артына белгі қалдырмай,

    Бауыры қатты тас өлім.

    Жыламайын десе де,

    Шыдарлық па осы өлім?

    Орамды тілді ауыздым,

    Ақылға жүйрік маңыздым,

    Көп жасамай тез кетіп,

    Көзімнің жасын ағыздың!
  • Zhanerkeцитирует4 года назад
    Ей, бозбала-ай,

    Өтті-ау заман-ай,

    Қош бол, аман!..
  • Gabdul Akmurzayevцитирует4 года назад
    Құлақтан кіріп, бойды алар,

    Жақсы ән мен тәтті күй.

    Көңілге түрлі ой салар,

    Әнді сүйсең, менше сүй!...–
  • Jalgyztauцитирует4 года назад
    Теңiз де, қиял да жоқ. Аз алданыш, қуаныш та сөне бердi. Тағы өмiр шындығы. Тағы тiрлiк тартысы Абай алдына еселi сыбаға тартты.
  • Jalgyztauцитирует4 года назад
    "Бiрақ халық қалса, халыққа жолымды, жанымды қосар қолымдағы жарық қалса, жеткенi
  • Jalgyztauцитирует4 года назад
    ...Өзге ешбір дүниеден

    Еркімен тимес бұл жүрек.

    Әуелде тағдыр иеден

    Қожам сенсің, не керек.

    ...Әуелде кірдің түсіме,

    Ортақтасып өміріме.

    Толғау салып ішіме,

    Сол күнде-ақ жақтың көңіліме...

    Құдайдан болғай деп емі,

    Құдайыны мол бердім.

    Көрген жерде-ақ мен сені,

    «Осы екен ғой, сол!» дедім...
  • Jalgyztauцитирует4 года назад
    Ғашықтың тілі тілсіз тіл

    Көзбен көр де, іштен біл…
  • Jalgyztauцитирует4 года назад
    "Жақынды араз, татуды жат қылатын – өсек, сыбыр-сыпсың"
fb2epub
Перетащите файлы сюда, не более 5 за один раз