оған тимекші боп әкесінен жасырынып, оны Тарғын алып қашпақшы болыпты. Сүйтіп Ақшаханның бір жүйрік жорғасына қызды мінгізіп, Тарғын алып қашып жөнелді. Үш күннен соң күңдері ханымға, ханым ханға қызы Ақжүніс сұлудың қашқанын білдіртіпті. Хан мұны есітіп, «ол біреумен қашқан шығар» деп еліндегі барлық жігітті түгендетіпті. Тарғыннан басқасы үйінде болыпты. Хан ақсүйек қызының қара қырғыз, туған-туысқаны жоқ, жалғыз жігітпен қашқанына өте көңілі қалып, намыс етіп, қоластындағылардан: – Кімде-кім оларды қуып жетіп, жігітті өлтіріп, қызын айырса, соған бермекші болды. Көп жұрт қумақшы боп, атқа мінісіп аттанады. Жорыққа жүріп шыдамай, арып-ашып қайта елге тарапты. Бірақ бір қарт шал: – Бозбала ұялмай елге қайтса, мен