Қыстың ұза-а-а-қ кеші бітіп, түнге айналды. Барар жер әлі алыс, күн суық, аяз буып тұр. «Көңілсіз сапар болатын болды» деп ойладым ішімнен. «Новостройканың» азаматтары мұрындары шуылдап, ұйқыға басты. Қыз өзімен-өзі бір нүктеге қадалған күйі әлі үнсіз келеді.
Тау арасына ілінгенде боран басталғаны байқалды. Қар қиыршықтары сабалап, тіпті қасқырша ұлыған үні құлаққа жеткендей болған. Қиюы қашып, тозған терезенің жақтау-жақтау саңылауынан ішке ұмтылып, әлгі аласұрған боран да жылы мекен іздегендей. Анда-санда бір толқып тастап, мынау алай-түлей боранды сұрықсыз дүниеден қашып құтылғысы келгендей