Әкеңнің қанын төккен де Құныс еді, сенің қаның да осы жауыңның қолынан шашылды. Өзіңнен басқа ешкімің жоқ... Ең болмаса артыңда тұяғың да қалған жоқ, жас қыршын... Дегеніңе жете алмай кеттің, асыл іні. Кеше ғана... жаңа ғана сайрап тұрған тіл күрмелді. Жайнаған көз жұмылды, бақыл бол, інім!..
Көзіне жас алып көрмеген Әжіғалидың ыстық бұршағы Шынғалиевтің жылап ағып, топыраққа сіңіп жатқан ақ шабдар қанына тамып кетті.