Жолаушы атың семіз желетұғын,
Көз бар ма мен байғұста көретұғын.
Халық әнінен
Мен осы бір суретті көрген сайын, сені есіме алатынмын, немесе сені есіме алған сайын, осы суретті көретінмін. Қазір қайда, не істеп жүргеніңді білмеймін. Мүмкін... Аузым бармайды ондай жамандыққа... Мүмкін, бұл дүниелік емес шығарсың. Оған өкінішім жоқ, сен бәрібір қашанда менің қасымда жүрер едің; жалғыз-ақ өкінішім — мына өзің туралы новелланы өз бетіңмен оқи алмайтының.