现代汉语语法Қазіргі қытай тілінің грамматикасы
绪论КІРІСПЕ
现代汉语语法概述Қазіргі қытай тілі грамматикасына жалпы шолу
Қытай тіліндегі грамматикалық бірліктер морфема, сөз, сөз тіркесі, сөйлем және күрделі синтаксистік бірлік болып бөлінеді.
Сөз морфемадан жасалса, сөз тіркесі сөзден жасалады, сөйлем сөзден және сөз тіркесінен құралады, ал синтаксистік бірлік сөйлемдерден құралады.
(语素词;短语句子句群。)
语素Морфема -қытай тілі грамматикасындағы дыбыс пен мағынадан құралған ең кішкене тілдік бірлік. Ол көбінесе жалғыз буынды болып келеді. Мысалы: 民, 数, 门, 车, 钱, т,б. Кейбір морфемалар қос және көп буынды болады. Мысалы:
玻璃, 葡萄, 巧克力, 哈萨克, 阿拉木图, 努尔哈利克, т. б.
Сөз морфемадан құралады, нақты мағыналары бар морфемалар түбір делінсе, түбірге жалғанып қосымша мағына беретін морфемалар жұрнақ деп аталады.
Қытай тіліндегі морфемалардың басым көпшілігі түбір, ал жұрнақтар өте аз.
词Сөз -жеке дара емін-еркін қолданылатын, ерекше лексикалық, грамматикалық мағынаға ие ең кіші тілдік бірлік. Мысалы: 写, 说, 人民, 大学, 地方, 计算器, т. б.
Морфема мен сөздің айырмашылығы: морфема жеке дара қолданылмайды, ал сөз емін-еркін қолданысқа түсіп, сөйлем мүшесі болаалады.
Түбірден құралған сөздер жалаң сөздер деп аталады. Мысалы: 饭, 写, 看, 干, 好, т.б. Кейбір қос буынды немесе көп буынды морфемалардан құралған сөздерде жалаң сөздер болады. Мұндай сөздердің құрамындағы морфемалардың әрқайсысының өз алдына дербес мағынасы болмайды, бәрі бірігіп бір лексикалық мағына береді.
Мысалы: 睡觉,提醒,告诉,伊斯兰教,碧巴尔斯苏里坦т. б.
Бірнеше морфемадан құралған сөздер біріккен сөздер деп аталады.
Мысалы: 大衣, 毅力,作品,关系,照顾,计算器, 公共汽车,т. б.
Жалаң буынды сөзде: сөз, морфема, иероглифтердің саны бірдей болады. Ал қос және көп буынды сөздерде: сөз, морфема, иероглифтердің саны ұқсамайды. Мысалы:
例子
音节数
词
语素
字
三者之间的关系
学
1
1
1
1
一致
学习
2