орнында секілді — мұңсыз-қамсыз тірлік. Ал, іштей үңілсең... (терең күрсініп) іштей үңілсең, өлгің келеді, бірақ асфальтта өлу де қиын. Шынында да, адамның кейде мұңлы музыка ойнағанда, кейде өз-өзімен оңаша қалып, салқын да ымырт кеште ес-тұссыз есеңгіреп жатқан қалаға, немесе жөн-жосықсыз ағылған адам-ағысқа қарап тұрып басың айналып, жүздеген, мыңдаған машинаның дүрілі шекеңді қысып, миыңды солқылдатқанда арманшыл да адал, жазықсыз да жалғыз өлім сапарына аттанғың келеді.
Жан. Өмірдің қадірін түсіну үшін өлімді де ойла деген...
Анар (сөзін бөліп). Жо-жоқ! Менің айтайын деп отырғаным ондай аргумент емес. Менің айтпағым, (тары да шылым тұтатады) ты никогда не хотел умереть. Да умереть, чтобы больше не встать. Знаю, что ты боишься от смерти. Мир для тебя прекрасен, полон таинств, чудес и неизведанного. Шынымды айтсам, мен соғыста, не бейбіт күнде біреудің кескілесуімен емес, өз еркіммен рақаттанып өлгім келеді. Ертеңімді ойласам, қорқамын, маған — ертең жоқ секілді. Сондықтан да, еш нәрсеге қанағаттанбаймын. Я постоянно, ежеминутно в полосе пессимизма, меланхолии... Мен өмірді басқалардан гөрі бұрынырақ таныдым. Сондықтан да, он сегіз жаста жиырма сегіз жастағы әйелдің білгенін біліп, көргенін бастан кешіп үлгердім, сондықтан да ештеңе қызықтырып, еліктірмейді, таң қалдырмайды. Иә, мен ерте есейдім, ерте есейткен өмір. Мен қазір он сегізде емес, отыз сегізде секілдімін. (Жылайды.) Бұл әлемде мен пір