Əрбір адам Ақбілек сияқты қайсар болуы қажет.
Оқуға кеңес беремін 😍
Оте магыналды,онгеге бола алатын кітап керемет 🥳
өте керемет. жүрегіме жетті
Ақбілек романы өте керемет.Əйел тағдыры,əйел теңсіздігі шебер сөреттеледі.Өмірдің тас жол,тайғақ өмірін бастан кешірген Ақбілектің жанары соныңда оттай жанады.Шығарманы оқи отырып,əртүрлі эмоцияларға беріліп отырдым.Жалпы оқығаныма еш өкінбеймін
Керемет! Бала кезде оқығанда тура бұлай жүрегіммен ұқпаппын. Асау да ауыр тағдыр. Бірақ, бұзып, жарып, бақытқа жетті Ақбілек.
Кітап болсын, кино болсын бақытты боп аяқталғанын жақсы көрем.
Автордың қаламынан өлең төгілгендей екен. Прозада ешкіммен салыстыруға келмейтін бірегей стиль.
Оқып бір көзіме жас келді. Кітап шіркін адамды өзіне баурап алады ғой😻Өте керемет шебер суреттелген Ақбілек бейнесі күллі адам баласын жігерлендіріп,өмірге деген көзқарасты өзгертеді😍❤
Ақ білек
Қазақ қызынын ауыр тағдырын жазушы аса шеберлікпен баяндаған. Қызығып оқыдым әсіресе соңы ұнады☺️
Неткен қиын тағдыр… Әйтсе де “адам тағдырын таңдамайды” деген рас болар. Оқып бітіп , мынадай ой тоқыдым:
1. Әр істің қайыры бар. Егер өміріңде бірнәрсе дұрыс емес, керағар болып жатса, бұл әлі соңы емес, жақсылық күт.
2. Өмір - бумеранг.
3. “Таңдаған - тазға жолығар”
4. Үлкендер де қателеседі, оларды әулие көрме.
5. Бірін-бірін күндеу - қазақтың қанындағы әдет. Әйелдің бір-біріне өшігуі- кез-келген сұмдық соғысыңнан жаман
6. Сүйгеніңді емес сүйгенді сүй.
7. Жақсы өмір сүру үшін, көп білмек керек. Ұрғашының, әсіресе, тоқтаусыз , жан-жақты дамып отыруы, берекелі семья құруға сеп.